Мүгедектігі бар шахтерлар Тоқаевқа үндеу жолдады

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында “Арселор Миттал Теміртау” компаниясының шахталарында жараланып, жұмыста жүріп дертке шалдыққан ондаған шахтер-регресник Ақордаға петиция жолдады. Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлады.

Петицияны президент әкімшілігіне екі белсенді тапсырды. Онда шахтерлар құқығы бұзылып жатқанын жазған.

2015 жылы Азаматтық кодекске енгізілген өзгерістер мүгедектігі барлардың ахуалын одан әрі нашарлатты. Мүгедектігі бар шахтерларды екіге бөліп тастады. Сізден конституция кепілі ретінде әділдікті қалпына келтіруді сұраймыз.

Мүгедек шахтерлардың Қасым-Жомарт Тоқаевқа жазған үндеуінен үзінді

Мүгедектігі бар шахтерлардың айтуынша, заңға енгізілген өзгерістер шетелдік компанияның мүддесін қорғайды, ал мүгедектігі барлардың мүддесі ескерілмеген.

Шахтерлар бұған дейін де бірнеше рет үндеу жолдаған, алайда жауап ала алмаған. Олар кезектен тыс президент сайлауы қарсаңында үндеуді тағы да арнайы жолдап отырғанын айтады.

Factcheck.kz