Министрлік желіде тараған сауалнаманың фейк екенін ескертті

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 50 мың теңге мөлшерінде сыйақы беріп, сауалнама жүргізіп жатқаны туралы ақпараттың фейк екенін ескертті. Желіде тарап жатқан ақпараттың жалған екенін министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрліктің ресми сайтында әлеуметтік желі арқылы азаматтарға ешқандай сауалнама жүргізбегені жазылған.

Алаяқтар азаматтарға мұндай хабарламаларды банк шоттарына қол жеткізу үшін пайдалануы мүмкін екенін ескертеміз. Алаяқтардың құрбаны болмас үшін ешбір жағдайда күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және өзіңіздің жеке деректеріңізді қалдырмауыңызды сұраймыз.

Министрліктің ресми хабарламасы

Сонымен қатар, министрліктің баспасөз қызметі жалған ақпаратқа назар аудармау керек екенін ескертті.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz