Министрлік мобильді қосымша арқылы жәрдемақыға өтініш беруге болатынын хабарлады

Қазақстанда Halyk Homebank және Kaspi.kz қосымшасы арқылы дүниеге келген нәрестеге жәрдемақы алуға өтініш беруге болады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бала дүниеге келгеннен кейін 1 жыл ішінде өтініш беруге болады. Мемлекеттік орган клиент өтінішін қарағаннан кейін тағайындалған жәрдемақы сомасы туралы SMS пен PUSH хабарламасы жіберіледі.

Біз мемлекеттік қызметтер сервисінің аясын кеңейтіп, танымал қосымшаларға шығару үшін белсенді жұмыс жасап жатырмыз. Осылайша, біз көрсетілетін қызметтерді халыққа ыңғайлы тәсілмен қолдануды таңдау мүмкіндігін ұсынуға тырысудамыз. Қазіргі уақытта жеке кәсіпкерлер мен көлікті қайта тіркеуді банктік қосымшалар арқылы жүзеге асырып жатырмыз, сонымен қатар, жаңа туған нәрестелерге жәрдемақыны смартфон арқылы ресімдеуге болады.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов.

Министрліктің дерегінше, 2021 жылы халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 344 мың 134 өтініш қабылданған. Сонымен қатар, eGov.kz порталы арқылы — 144,751, ал «1414» сервисімен 209 мың 351 өтініш берілген.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz