Министр Дәурен Абаев әлеуметтік желідегі фейктерге пікірін білдірді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев әлеуметтік желіде фейктер мен тіл тигізуге пікірін білдірді. Tengrinews.kz хабарлауынша министр халықпен кездесіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

«Біреулер сөз бостандығы керек дейді, басқалары журналистерге кодекс қажет дейді. Енді біреулері кодекс қажет емес дейді. Егер қандай да бір құқық бұзушылық орын алса, құзырлы органдарға хабарласып, сот ісін жүргізіп, заң саласындағы барлық мәселелерді шешу керек. Бұл жалған ақпаратқа қатысты. Қазір түрлі видеолар мессенджерлер арқылы таралуда» деп хабарлады министр. 

Абаевтың айтуы бойынша желіні фейк жаңалықтардан тазарту жұмыстары жетілдірілуде.

«Бұл жайлы лекцияда студенттерге айтамын. Әр адам ақпараттық гигиенаны сақтап, ненің шын, ненің жалған екенін түсіну керек. Алайда, фейк жаңалықтар да қалыс қалмауда. Оларды шын ақпараттан ажырату мүмкін емес. Дегенмен, жұмысымызды жалғастыра береміз», – деді министр.  

Сонымен қатар, министр Дәурен Абаев Қазақстан президенті сайлауында қолдан дауыс жинау бейнеленген видеолардың бір бөлігі фейк екенін мәлімдеді.

«Менің білуімше, ОСК барлық мәселені түсіндіріп, тиісті жұмыстарды жүргізіп, құқық бұзушылықтардың саны анықтады. Бұл іспен бас прокуратура айналысуда. Видеолардың кейбірі фейк болып шықты»

ҚР Орталық сайлау комитеті президенттік сайлау күні  Алматы облысының Қайназар ауылында түсірілген сиясы өшірілетін қалам көрсетілген видеоның шынайлығын растады. Сайлаудың ертесіне ОСК мүшесі Зәуреш Баймолдина журналистерге видеоның фейк екенін мәлемдеген еді. Дегенмен сайтымыздың зерттеуі бұл ақпараттың ойдан шығарылмағанын дәлелді.

Factcheck.kz