Meta Зеленскийдің дипфейк видеосын өшірді

Meta компаниясы Facebook және Instagram желісінен Украина президенті Владимир Зеленский атынан жарияланған дипфейк видеоны өшірді. Бұл туралы Meta қауіпсіздік саясатының жетекшісі Натаниэль Глейчер (Nathaniel Gleicher) хабарлады.

Оның айтуынша, дипфейк видео “бұзылған” сайттардың бірінде жарияланды. Салдарынан интернетте жиі тараған.

Глейчердің сөзінше, видео Meta компаниясының манипуляцияға қатысты саясатын бұзған. Кейін видеоны тез өшіру туралы шешім қабылдап, басқа платформадағы әріптестеріне хабарлаған.

Дипфейк видео.

Контекст

  • 16 наурызда хакерлер Украина 24 арнасының эфиріне шабуыл жасап, эфир мәтінінде Владимир Зеленскийдің атынан фейк хабарлама таратты. Эфир барысында “Зеленский Украина әскеріне қаруды тастап, берілуге шақырды” деп жазылған. Бұған қоса осыған ұқсас сөздермен Зеленскийдің дипфейк видеосы тарады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz