Meta Ресей әскеріне қарсы ұрандары бар пост жариялауға рұқсат берді

Meta компаниясы “Ресей басқыншыларына өлім” тілейтін, яғни, ресейлік әскерге қарсы ұрандары бар пост жариялауға уақытша рұқсат берді. Бірақ Ресей азаматтарына қарсы зорлық-зомбылыққа үгіттеуге болмайды. Бұл туралы Reuters сайты хабарлады.

Meta баспасөз хатшысы Энди Стоунның (Andy Stone) 11 наурызда жарияланған мәлімдемесінде компания желілерінде зорлық-зомбылыққа шақыру тыйым салынғаны айтылады. Алайда осы жолы компания саяси ұран қолдануға уақытша рұқсат берген. Мысал ретінде «Ресей басқыншыларына өлім!» деген ұранды келтірді.

Алайда Facebook пен Instagram «ресейлік бейбіт тұрғындарға қарсы зорлық-зомбылыққа шақырғандарға» қарсы шара қолдануды жалғастырады.

Жаңартылған ереже Армения, Әзірбайжан, Эстония, Грузия, Венгрия, Латвия, Литва, Польша, Румыния, Ресей, Словакия және Украина қолданушыларына қатысты енгізілді.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz