Фейк | Мектеп оқушылары арасында “есірткі-кәмпит” таратылуда

WhatsApp мессенджерін пайдаланушылардың арасында тағы бір қауесет тарауда. Белгісіз кәмпит суреті бар хабарлама мәтініне сүйенсек, бұл жолы Алматылық оқушылар арасында бүлдіргенге ұқсас есірткі таратылып жатыр-мыс: (тыныс белгілер сақталған):

“Уважаемые родители!  Просьба провести беседы с детьми. Информация.

Новый препарат в школах … Просьба передать это, даже если у вас нет детей в школе. Родители должны знать об этом наркотике. Это новый препарат, известный как «земляника». Существует тип кристаллов, выглядит как клубничные поп-рок (конфета, которая шипит и «тает» в вашем рту). Он также пахнет земляникой и раздаётся детям в школьных дворах. Они называют это клубникой. Ребёнок съел это думая, что это конфета, и его доставляют в больницу в тяжелом состоянии. Этот наркотик также поставляется в шоколаде, арахисовом масле, кола, вишне, винограде и апельсине. Пожалуйста, поручите своим детям не принимать конфеты от незнакомых людей и даже не принимать конфеты, которые выглядят как это у друга (которому, возможно, дали его и считали, что это конфета) Передайте это электронное письмо как можно большему числу людей (даже если у них нет детей), чтобы мы могли повысить осведомленность и, надеюсь, предотвратить любые трагедии.”

[google-drive-embed url=”https://drive.google.com/uc?id=1i_bMjX26mHX73hNoffxrc7TRAtUvSrJv&export=download” title=”Безымянный.png” icon=”https://drive-thirdparty.googleusercontent.com/16/type/image/png” width=”512″ height=”551″ extra=”image” style=”embed”]

Үкім: Жалған

Бұл есірткінің салдарынан зардап шеккендер Алматы бойынша тіркелмеген. Аталған фейк ақпарат 2017 жылдың қазанында Украинада таралып, артынша оның жалған екендігі дәлелденген.

Фейк | Мектеп оқушылары арасында "есірткі-кәмпит" таратылуда
Ағылшын тіліндегі фнйк ақпарат / То же самое фейковое сообщение на английском (2007)

Фейк бұған дейін 2007 жылы ағылшын тілінде пайда болып, жыл сайын түрлі елдерде шығып отырған. Бұл ақпарттың жалған екенін анықтауға автоматты аудармаға өте ұқсас грамматикалық қателер көмектесті. Фейк туралы толығырақ Snopes сайтынан оқи аласыздар.

Осыған ұқсас жалған ақпараттар ата-аналар чатында жиі байқалатын құбылыс. Сол себепті, тексерілмеген ақпаратқа сенумен қатар, оларды басқаларға жіберер кезде өзіңізге “Осы ақпарат фейк емес пе екен?” деген сұрақты қоюды ұмытпаңыз.

Естеріңіізде болса, біз бұған дейінгі материалдарымызда әлеуметтік желілердегі фейктердің таралуы туралы бірееше рет жазған едік:

  1. WhatsApp желісіндегі фейктер: әлемдік күрес тәжірибесі
  2. Мессенджеріңіздің қауіпсіздігі қай деңгейде екенін білесіз бе?

Әлеуметтік желілерге қатысты материалдарды “Әдіснама” айдарынан оқи аласыздар.

Factcheck.kz