Мәскеу соты Telegram желісіне митинг туралы жазбаны өшірмегені үшін айыппұл салды

Мәскеу соты Telegram желісіне 5 миллион рубль (шамамен 28 млн теңге) айыппұл салды. Желі әкімшілігі оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды қолдауға шақырған митинг туралы жазбаны өшіруден бас тартқаны үшін осындай шешім қабылданды. Бұл туралы «Новая газета» сайты хабарлады.

«Telegram желісі екі іс бойынша әкімшілік кодекстің 13.41-бабының 2-бөлігін бұзғаны үшін кінәлі деп танылды», – деп хабарлады сот.

Судья Telegram өкілдеріне екі іс бойынша 2,5 миллион рубльден айыппұл салды. Алайда, сот шешіміне қандай контент түрткі болғаны туралы айтылмады.

Әлеуметтік желінің баспасөз қызметі бұл шешіммен келіспейтінін және сот шешіміне шағымданатынын айтты.

Мадияр Бабахан. Тұран университетінің 3-курс студенті.

Factcheck.kz