Мәскеу соты Google компаниясына тағы да айыппұл салды

19 тамызда Мәскеу соты Google компаниясын әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 2 млн рубль (шамамен 11 млн 500 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Мәскеу қалалық сотының ресми өкілі Валерий Лазаревтің айтуынша, Google компаниясына Ресей Федерациясының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 13.41-бабының 2-бөлігінде қарастырылған құқық бұзушылық үшін “кінәлі” деп танылды.

Компанияға “өшіруге тиіс болған контентті жоймағаны үшін” 2 млн рубль көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Контекст

  • Бұған дейін Google компаниясына Ресей Федерациясы аумағында ресейліктердің дерегін оқшаулаудан бас тартқаны үшін 3 миллион рубль (шамамен 17 млн 400 мың теңге) айыппұл салынған.
  • Биыл Наурызда Telegram, Facebook, Twitter, TikTok және Google компаниясына қатысты балаларды заңсыз акцияларға қатысуға шақырған материалдарды өшірмегені үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы 12 хаттама толтырылған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz