Мәскеу прокуратурасы “Журналистер кәсіподағын” таратуды талап етті

Мәскеу прокуратурасы “Журналистер мен БАҚ қызметкерлерінің кәсіподағын” таратуды талап етті. Бұл туралы “Ведомости” газетіне сілтеп, Deutsche Welle (DW) сайты хабарлады.

Кәсіподақ “Ресей Қарулы Күштерінің беделін түсіру үшін “ДХР” мен “ЛХР” бойынша арнайы әскери операцияның барысы туралы сенімсіз, әрі заңсыз ақпарат тартқандықтан” прокуратура ұйымды тарату туралы шешім қабылдаған.

Сонымен қатар, іс құжаттарына сәйкес, ұйым қызметі “адам құқықтары мен бостандығын бұзып, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке және мемлекетке зиян келтірген”.

Кәсіподақ өкілі “Ведомости” газетіне Мәскеу прокуратурасы ұйым туралы ақпарат, кәсіподақ жарғысы, қаржыландыру көздері, т.б. мәліметтерді беруін талап еткенін растаған.

«Ведомости» редакциясына берген ақпаратында адвокат Максим Крупский кәсіподаққа не сот туралы, не әкімшілік іс қозғалғаны туралы хабар келмегенін айтқан.

Халықаралық Журналистер Федерациясының (IFJ) президенті Доминик Прадалье кәсіподаққа қарсы сотты “әділетсіз және негізсіз” деп атады. European Federation of Journalists (EFJ) президенті Майя Север “сот процесінің саяси астары бар” деп мәлімдеді.

Контекст

  • «Журналистер мен БАҚ қызметкерлерінің кәсіподағы» 2016 жылдың наурызында құрылған. Кәсіподақта Ресейдің 40 аймағынан 600-ден астам журналист бар. Сонымен бірге, одақ Халықаралық (IFJ) және Еуропалық (EFJ) журналистер федерациясының мүшесі.
  • Ресей Украинаға басып кіргелі Ресейде азаматтық қоғам мен тәуелсіз медиаға қысым көбейді. Осыған байланысты 2022 жылдың мамырында БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетіне «ОВД-Инфо» жобасы, «Сова» ақпараттық-талдау орталығы, «DOXA» онлайн-редакциясы және «БАҚ құқықтарын қорғау орталығы» бірлесіп баяндама жариялады.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz