Марафоншы Жыланбаев өзінің қамалғанын хабарлады

Танымал марафоншы Марат Жыланбаев өзінің Facebook парақшасында қамалғанын жазды. Бұл туралы Kaztag.kz сайты хабарлады.

Жыланбаев әлеуметтік желілерде билікті сынаған. Азаттық радиосының жазуынша, марафоншы кейінгі жазбаларда жұртты оппозициялық тіркелмеген “Алға Қазақстан” партиясына қосылуға үндеген.

Ал Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің кезекші бөліміндегі қызметкер жексенбі күні ешкімнің полицияға жеткізілмегенін айтқан. Ал департаменттің баспасөз қызметі телефонын алмады.

Контекст

  • Марат Жыланбаев Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевты жиі сынаған. Kaztag.kz мәліметінше, Жыланбаев 2021 жылы Назарбаевты жиі сынағаны үшін сотқа тартылған. «Ар-Бедел» қоры «танымал спортшының жазбасының салдарынан саяси лидердің атына қоғамда негативті көзқарас қалыптасады» деп санаған.
  • Биыл қаңтарында Kaztag.kz сайты Назарбаевтың “ар-намысын, қадір-қасиетін қорғау” ісі бойынша Жыланбаевтың жеңгенін хабарлаған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz