Манипуляция | Видео: Әлем елдері Қазақстанды қолдап жатыр

“Қаңтар қасіретіне” байланысты әлем елдері қазақша ән шырқап, “қолдау” білдіріп жатыр деген видео тарады. Ал бүгін сол видеоны президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтің желідегі парақшаларына бөлісіп қойды. Расымен әлем елдері Қазақстанды қолдап, ән шырқап жатыр ма? Factcheck.kz сайты тексеріп көрді.

Әлем елдері елімізді қолдап жатыр.

Берік Уәли

Үкім: Манипуляция

Бұл ешқандай да Қазақстанды қолдау үшін арнайы түсірілген видео емес, осыдан бір жыл (2021 жыл 1 қаңтар) бұрынғы видео. “Voice of Turan” деп аталатын халықаралық музыка фестивалінде қатысушылар (18-35 жас) шарт бойынша қазақстандық авторлардың шығармаларын орындау керек болған. Видео сол кезде түсірілген.

Қазақстандағы жағдайға байланысты әлеуметтік желілерде түрлі фейктер мен арандатулар тарауда. Біз тек шынайы әрі тексерілген ақпарат таратуды және бөлісуді сұраймыз. Себебі бұл – жауапкершілік! Әрбір ақпаратымызға жауапты болайық!

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz