Манипуляция | Тайланд оқушылары жәшік ішінде сабақ оқиды

Соңғы уақытта әлеуметтік желі мен БАҚта Тайланд оқушыларының сайлау жәшіктерінің ішінде сабақ оқып отырған суреттері тарап жатыр.

Ученики из школы Сэм Хок в масках и щитках для лица видны внутри старых урн для голосования, перераспределенных в перегородки, когда они посещают занятия после открытия общенациональных школ в Патхум Тани в среду.  (Фото Reuters)
Тарап жатқан сурет

Үкім: Манипуляция

Жарияланған материалдың көпшілігі «Тайланд оқушылары енді осылай оқиды» деген тақырыпта. Ал дәл осылай білім беруге көшкен елдегі барлық мектептер емес, тек Патум Тани аймағындағы Сэм Хок мектебі ғана. Суретті Reuters агенттігі таратқан. Мектеп директоры Chuchart Thiengtham әр балаға бетперде берілетінін, бұл кабиналар қосымша қорғаныс амаладары екенін мәлімдеген. Қорыта айтқанда, «Тайланд оқушылары жәшік ішінде сабақ оқитын болды» деу — манипуляция.

A student of Sam Khok school sits inside an old ballot box repurposed into partitions as schools nationwide reopened in Thailand, July 1. REUTERS/Athit Perawongmetha
Ескі сайлау жәшігінде отырған Сам Хок мектебінің оқушысы. Тайланд, 1 шілде.

Тайланд мектептері наурыздан бері жабық: тек елдегі ахуал тұрақтана бастаған тұста, жұмысын қайта бастаған. Елдің Білім министрі Наттафон Типсуванның айтуынша сақтық шаралары сақталып, қадағаланады: мектепке келген оқушылардың дене қызуы өлшеніп, парталар мен асханаларға арнайы кабиналар қойылады.

Орта білім кеңесінің бас хатшысы Амнат Вичаянуват мектептер мен балабақшалардың дайындығын тексеріп жүр. 30 маусым, 2020 жыл
Тайланд мектептерінің бірі

Думан Терликбаев
Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің студенті. Республикалық "Жас Алаш" газетінде журналист-фрилансер қызметін атқарған.