Манипуляция | Перуашев: Әр қазақстандық шетелге шамамен 9 мың доллар қарыз

«Ақжол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев «Деловая неделя» газетіне берген сұхбатында әрбір қазақстандықтың шетелдік несие берушіге шамамен 9 мың доллар қарыз екенін мәлімдеді.

Қазірдің өзінде республика сыртқы кредиторларға шамамен 158 млрд АҚШ долларына қарыз, бұл жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) шамамен 90% құрайды. Әрбір қазақстандық – жас баладан қарияға дейін – шетелдік «дөкейлерге» шамамен 9 мың доллар қарыз.

Азат Перуашев

Үкім: Манипуляция

Депутат жалпы сыртқы қарыз бен мемлекеттік және сыртқы қарыздың тек бір бөлігі болып саналатын мемлекет кепілдік берген қарыз ұғымдарын шатастырып отыр. Есеп комитетінің деректеріне сәйкес, 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз 45,3 млрд долларды құрады — бұл ЖІӨ-нің 26,5 пайызы. Сыртқы қарыздың қомақты бөлігін фирмааралық қарыз құрайды – бұл шамамен 100 млрд доллар. Қарыздың бұл бөлігіне үкімет кепілдік бермейді, тиісінше қазақстандықтар бұл сома бойынша еш қарыз емес. Шындығында, қазақстандық мемлекеттік қарыз төмен деңгейде болып саналады, оны рейтингтік агенттіктер де растайды.

Айтпақшы, 2020 жылдың басындағы мәліметтерге сәйкес, елдің сыртқы қарызы 158 млрд доллар емес, 156,8 млрд доллар болған. Бұл туралы Есеп комитетінің жыл сайынғы баяндамасында және ҚР Ұлттық банкінің сайтында айтылған. Ал Ұлттық Банктің ең соңғы 2020 жылдың 1 сәуіріндегі ақпаратына сүйенсек, сыртқы қарыз 152,7 млрд долларды көрсеткен.

Депутат сөзіндегі қатені қаржы туралы FINANCE.kz телеграм-каналы да көрсетті. Осындай күлкілі оқиға нәтижесінде Перуашев «Мадуро индексі» айдарының кейіпкері атанды. Бұл айдар Венесуэла президента Николас Мадуроның құрметіне аталған және канал авторлары мұнда экономикалық популизмді әшкерелейді.

Манипуляция | Перуашев: Әр қазақстандық шетелге шамамен 9 мың доллар қарыз
ҚР жалпы сыртқы қарызының 2015-2019 жылдардағы динамикасы (Дереккөз: Есеп комитеті)

Контекст

Азат Перуашев – біздің мемлекеттік қайраткерлер арасындағы ең жиі тексеретін кейіпкеріміз шығар. Әділдік үшін оның мәлімдемелерінің шындыққа жанасатынын да атап өткен жөн. Бұған дейін мәжілісменнің Factcheck.kz тексерген бірнеше пікірін ұсынамыз:

Фактчекер, главный редактор русскоязычной версии Factcheck.kz

Factcheck.kz