Манипуляция | ҚР аумағының 75%-ға жуығында экологиялық тұрақсыздық қаупі бар

4 желтоқсан күні мәжіліс депутаты Құралай Қаракен премьер-министрге сауал жолдап, республика жерінің шөлейтке айналу мәселесіне көңіл бөлуді сұрады. Ол Асқар Маминнен жауапты мекемені бекітіп, жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін күшейтіп, сонымен қатар, атқарылған жұмыс туралы Шөлейттенуге қарсы күрес Ұлттық бағдарламасының орындалғаны туралы есеп беруді өтінді. Негізгі аргументтердің бірі ретінде мәжілісвумен төмендегі мәліметтерді келтірді:

Бізде бар бағалаулар бойынша ел аумағының 75%-ға жуығына тұрақсыздықтың жоғары қаупі төніп тұр

Құралай Қарекен

Үкім: Шындық … және манипуляция

Мәжілісвумен келтірген деректер 14 жыл бұрынғы Қазақстан Республикасында Шөлейттенуге қарсы күрес бағдарламасының 2005-2015 жылдардағы (2008 жылы жабылған) мәліметтерімен сәйкес келеді. Экологиялық тұрақсыздыққа жердің тозуы мен эрозиясы ғана емес, ауа мен су ресурстарының ластануы кіреді. Материалымызда Қаракен ханым басымдылық берген топырақ сапасының өзгеру процесіне тоқталамыз.

1994 жылы Қазақстан қол қойды, ал үш жылдан соң БҰҰ-ның Шөлейттенуге қарсы күрес Конвенциясын ратификациялады. Конвенцияны жүзеге асыру аясында шөлейттену мәселелерімен айналысып жатқан отандық ғалымдар 1998 жылы республикада 179,9 млн га шөлейт жерді анықтады.

Қазақстанның жалпы жер көлемі 272,5 млн га екенін ескерсек, республиканың 66%-ы шөлейттенген.

Қазақстан Ресрубликасының Ұлттық атласы мәліметі (3-том, 2006 жыл) бойынша, сонымен қатар БҰҰ Шөлейттенуге қарсы күрес конвенциясын жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық баяндамасында 2010 жылы республикадағы шөлге айналған жер көлемі 190,7 млн га, яғни 70% жерді құраған. 2014 жылға қарай қазақстандық география институты ғалымдары Қазақстан аумағы шөлейттенуінің еркін табиғи-антропогендік картасын жасап, 207,6 млн га жердің шөлге айналғанын анықтады. Ол ел аумағының 76%-ы. Мұндай мәліметтер Қазақстанның Жер тозуының бейтарап балансының міндетті көрсеткіштерін анықтау бағдарламасының қорытынды есебінде болады (2008).

Сонымен қатар есеп авторлары бұл сенсациялық сандарды неге шынайы бейненің нақты көрінісі деп есептеуге болмайтынын түсіндірген: «Шөлейттенген жерлер туралы ресми құжаттарда көрсетілген аумақтар «шөл» және «шөлейт» деген ұғымның толық нәтижесі емес». Әріптестерінің сөзін «Қазақстан Республикасында 2025 жылға дейін шөлейттенуге қарсы күрес стратегиялық шарасы» құрастырушылары да қайталаған:

Бұл сандар көп жағдайда табиғи төменгі өнімділігі бар құрғап қалған экожүйе аумағын көрсетеді және шын мәнінде тұрақсызданған жерлермен араласпауы керек.

Құралай Қарекен

Ауыл шаруашылығы министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша республикада бар болғаны 90 млн га-дан аса эрозияға ұшыраған және эрозиялық-қауіпті жерлер бар (олардың ішінде факт жүзінде эрозияға ұшырағандары – 29,3 млн га).

Манипуляция | ҚР аумағының 75%-ға жуығында экологиялық тұрақсыздық қаупі бар

Одан бөлек, мекеме сүрілген жайылымдарды есептеп жатыр, ол қалың шөптен (экологиялық жағдайлар мен адамның тиімсіз шаруашылық әрекеті салдарынан өзгерген) құнарлы, шүйгінділері азайып, оның орнына жеуге жарамсыз, бір жылдық түрлері басып кеткен жерлер. Республикадағы орташа және қатты дәрежеде сүрілген жайылымдар көлемі – 27,1 млн га.

Оңай есептеулер жасап, Қазақстанда ресми тұрақсызданған жер 117,1 млн аумақты құрайтынын, ол республика аумағының 43%-ы екенін анықтадық. Дегенмен мамандар бұл көрсеткішті де сенімді деп айтуға келмейді дейді:

Елде жер деградациясына қатысты терминдерде ведомстваралық келісім жоқ, сол себепті бірыңғай бағалау критерийі болмайтынын ескерген жөн. Статистикалық есептерде жердің экологиялық жағдайына және БҰҰ Шөлейттенуге қарсы күрес конвенциясының критерийі бойынша олардың тұрақсыздануының сандық көрсеткіштеріне қатысты сенімді мәлімет жоқ.

Осылайша, Қазақстандағы шөлейттену мәселесіне қатысты ақпараттар жағдайды толық сипаттай алмайды. Министрлік өкілдері жыл сайын ескірген мәліметтерді сәл ғана түзетіп айтуға мәжбүр екенін мойындайды, себебі Қазақстанда соңғы 30 жылда шын мәнінде деградацияланған жерді анықтау мен олардың картометрикалық есебі жүргізілмеген.

Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы

Factcheck.kz