Манипуляция | Қазақстандықтар асырап алған балаларды жаппай қайтарып жатыр

Жақында  Astana TV Қазақстандағы асырап алынған балалардың 20%-і жыл сайын балалар үйіне оралатыны туралы репортаж жариялаған еді. Сонымен қатар, қазір  балалар үйінде жалпы 4 мыңнан астам бала бар екені және олардың 90%-і 7 жастан асқан балалар екені айтылды.

Осы материал жарияланғаннан кейін көптеген отандық бұқаралық ақпарат құралында «Қазақстанда асырап алынған балаларды балалар үйіне жаппай қайтарып жатыр» деген айғайлаған тақырыппен жарияланым шыға бастады.

Factcheck.kz редакциясы Қазақстанда күтпеген жерден көптеген асырап алынған баланы қайтара бастағаны қаншалық рас екенін анықтады.

Үкім: Кликбейт және манипуляция

Сюжеттің өзі бейтарап жасалған, бірақ көптеген жарияланым кликбейт сипатында және деректер бұрмаланған. 2017 жылдан 2019 жылға дейінгі деректерді қарасақ, балалар үйіне оралған балалар саны ылғи 20% бола бермейді. Дегенмен «асыранды балаларды жаппай қайтару» туралы әңгіме жоқ, өйткені цифрлар абсолют түрде онша үлкен емес, бірқатар бала биологиялық отбасыларына оралады, ал репортаж бен кейінгі мақалалар асырап алынған, қамқорлыққа алынған балалар мен патронаттық тәрбиедегі балалар туралы мәліметтерді біріктіреді.

ҚР Статистика комитетінің дерегі бойынша, 2019 жылы елімізде 4 606 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала болған. Оның ішінде 4 206 баланың жасы – 7 жастан 18 жасқа дейін. Ресми мәліметтер бойынша, кейінгі 10 жыл ішінде интернат мекемелеріндегі балалар санының жағдайы едәуір жақсарды, өйткені 2010 жылы мұндай жерлерде 14 052 бала болған.

Манипуляция | Қазақстандықтар асырап алған балаларды жаппай қайтарып жатыр

Бала асырап алушылар балалар үйіне қайтаратын балалардың 20% -і деген қорқынышты көрсеткіш оны есепті жылы асырап алынған балалар санымен салыстырған кезде ғана шығады. Бірақ бұл деректер ылғи да бірдей бола бермейді.

Қазақстанда балалар үйінен алынған балаға қамқор болудың үш түрі қарастырылған: асырап алу, қамқорлық және патронаттық тәрбие. Бұл қатынастың бәрі синоним болғанымен, заңды аспектілері әртүрлі.

Асырап алу дегеніміз – сот шешімі негізінде 14 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеу үшін отбасына беру, содан кейін асырап алушылар заңды ата-ана болады. Қамқорлық – өз бетінше өмір сүре алмайтын немесе өз құқығын қорғай алмайтын 14 жасқа дейінгі балаларға көмектесу және қорғау. Патронат – бұл  тәрбие түрі, ол бойынша балалар жасына және мәртебесіне қарамастан, қорғаншылық немесе қамқоршылық функциясын жүзеге асыратын орган жасасқан келісім бойынша отбасыларға беріледі.

Бұл қатынас түрлері айырмашылығы туралы толығырақ мына жерден оқуға болады.

Адамның балалар үйіне оралуы не асырап алушылар баладан өз еркімен бас тартуы немесе мәжбүрлеу шарасы дегенді білдіреді, өйткені бала өздеріне қамқор болмаған, зорлық-зомбылық көрсетілген және лайық түрде қарамаған берекесіз отбасына түсіп қалуы мүмкін. Сонымен қатар, патронаттық қамқорлық туралы келісімшартта ересектер балаға патронаттық қамқорлық жасайтын кезең белгіленеді. Бұл процестің бәрін қамқоршы органдар тіркейді. Эксперттер балалардың негізгі қайтарылатын себебі – асырап алушылардың дайын емес екені деп санайды.

2019 жылы асырап алынған отбасыларға 880 бала жіберілді. Оның 79-ы асырап алынды, 344-і патронаттыққа, ал 457-і қамқоршылыққа алынды. Осы мәліметтер бойынша, есепті жылы 183 бала интернатқа қайтарылды: бала асырап алу бас тартылған жағдай саны – 4, сондай-ақ 121 қамқоршылық жойылды, 58 патронат жойылды.

Осылайша, 2019 жылы асырап алынған балалар санынан балалардың 20%-тен сәл астамы қайтарылды (сонымен қатар қамқоршылық пен автронаттағы балалар).

2018 жылы 1006 бала асыраушы отбасыларға берілді. Оның 112-сі асырап алынды, 439-ы патронаттыққа, 455-і қамқоршылыққа алынды. Есепті жылы 199 бала балалар үйіне оралды. Оның ішінде бала асырап алудың күші жойылуына байланысты – 7, қорғаншылықтың жойылуы – 120, патронаттың жойылуы – 72.

Салыстырмалы түрде, ол жылы да балалардың шамамен 20%-і қайтарылды.

Балалар үйіне оралған жетім балалар саны

Бірақ 2017 жылы асыраушы отбасыларға барлығы 768 бала қабылданды. Оның 168-і асырап алынды, патронат – 293, қорғаншылық – 325. 109 бала интернатқа оралды. Бала асырап алудың тоқтатылуына байланысты – 9, қорғаншылықтың жойылуы – 77, патронаттың жойылуына байланысты – 23 бала.

Асырап алынған балалардың 14%-і балалар үйіне қайтарылды.

Бұл мәліметің бәрі не себепті шындықты толық көрсетпейді?

ҚР Статистика комитеті дерегі бойынша, 2019 жылы қазақстандық балалар үйінен барлығы 3 358 адам кеткен. Оның ішінде 827 бала биологиялық отбасына оралды. Сондай-ақ, бұл тізімге кәмелетке толған, колледждер мен университетке түскендер, басқа себептермен асырап алынғандар кіреді.

Манипуляция | Қазақстандықтар асырап алған балаларды жаппай қайтарып жатыр

Сонымен қатар, ресми мәліметтер бойынша, интернат мекемелеріне кіретін балалар саны да азайып жатыр. Жоғарыда айтылғандай, 2010 жылы балалар үйінде 11 612 бала болса, 2013 жылы 9 879 бала болды.

2013 жылы республикада жетім балалардың жалпы саны 33 682 болды. 2019 жылы олардың саны бүкіл Қазақстан бойынша 24 239 болды, оның 80%-і асырап алынды.

Factcheck.kz