Манипуляция | Байбек: Біз азаматтарға тек туризм саласынан ғана жұмыс бере аламыз

Осы материалмен Factcheck.kz «Байбектің бір жылы» атты шағын арнайы жобаны бастайды, яғни Алматы қаласының әкімі қызметіндегі екінші жылда қала басшысының айтқан сөздерін назарға аламыз.

2017 жылдың басында Алматы әкімі Бауыржан Байбек халыққа есеп беру кездесуінде басқа мәселелермен қатар туризмнің дамуы туралы да айтты. Дәлірек айтсақ, былай деді:

«Қарапайым азаматтар, соның ішінде, өкінішке қарай білім алмаған жастар бар, олардың жоғары білім алуы үшін қанша ақша керек? Оларды қайда жібереміз? Туризм саласына. Түркияның жағдайын қараңыздаршы. Бір ғана қонақүйде қаншама адам жұмыс істейді. Сондықтан біз азаматтарымызға тек туризм саласынан ғана жұмыс бере аламыз. Туризмді дамытудың керегі жоқ, қалай бар болса, солай болсын дейтіндер бар, олар өздері отыра берсін. Мұндай адамдар ештеңеге жауап бермейді және болашақты да ойламайды! Біз Швейцария, Франциядағыдай болғанын қалаймыз ғой? Швейцария мен Франция жыл сайын туризмнен ғана он миллиард доллар ақша табады. Бізде де сондай тау бар, сондай жағдай бар. Бұл біздің қолымыздан келеді. Тек ақылмен және дұрыс әрекет ету керек».

Мәлімдемедегі негізгі тезистерді тексеріп көрелік.

  1. «Біз азаматтарымызға тек туризм саласынан ғана жұмыс бере аламыз»

***Контекстен әңгіменің негізінен жоғары білімі жоқ жастар туралы екенін аңғаруға болады.

Үкім: Манипуляция

Жоғары білімі жоқ жұмыссыз жастар, шындап келгенде, кәсіби біліктілігі бар мамандарды қажет етпейтін кез келген саладан жұмыс таба алады. Ал Қазақстандағы жұмыссыздықтың құрылымына назар аударсақ, кәсіби біліктілікті аса қажет етпейтін мамандар ең алдымен ауыл шаруашылығына және сауда саласына қажет екенін аңғарамыз.

Егер Алматыда туризм саласы шын мәнінде қарқынды дамитын болса, жұмыссыз жүрген және кәсіби біліктілігі жоқ жастардың белгілі бір бөлігі осы салада жұмыс істеуі мүмкін. Алайда, қала әкімі қазіргі жобаларда тау шаңғысы спортын дамыту саласынан қанша жұмыс орнын (жоғары білімі жоқ жастар үшін) бере алатынын айтпай отыр.

Қазақстандағы жұмыссыздыққа назар аударсақ

2016 году жылы ҚР бойынша 15-28 жас аралығындағы жастар үшін жұмыссыздық деңгейі  4,1% болды.

Ал жалпы тенденция қалай дегенге келсек, егер «Қазақстан Республикасындағы жастардың әлеуметтік-демографиялық жағдайы» Аналитикалық жазбасының» авторларына сенсек (ҚР Статистика агенттігің тапсырысы бойынша «САНДЖ» зерттеу орталығы 1998-2008 жылдардың мәліметтерін талдай отырып жасаған):

«Әдетте, жастар көп жұмыс істейтін ұйымдарға кафе, мейрамхана, түнгі клубтар мен басқа да көңіл көтеру орындары, сауда нүктелері жатады. Сауда, көңіл көтеру және ауыл шаруашылығы – кәсіби біліктілігі төмен жұмыс күшін қажет ететін салалар. Басқаша айтсақ, экономиканың бұл секторы еңбек нарығына енді ғана кірген, біліктілігі жоқ, білімі төмен жастарды бірден тартып әкетеді».

2008 жылғы статистикалық көрсеткіштерге сүйенсек, жұмыс істейтін жастардың айтарлықтай бөлігінің, дәлірек айтсақ 41,6%-ының жалпы орта білімі ғана бар.

Енді ҚР жұмыссыз тұрғындарының білім деңгейі бойынша құрамы мен құрылымына назар аударсақ.

Уровень безработицы в Казахстане

Байбек, аким Алматы, безработица в Казахстане
Аналитика, соның ішінде графика да 2016 жылы «ҚазҰУ хабаршысында» жарық көрген. Авторлары: Сейдахметов А.С., Сейдахметова Б.А.

 

Көріп отырғанымыздай, жалпы орта білімі бар жұмыссыздардың үлесі жоғары білімді жұмыссыздардың үлесіне пара-пар.

Енді сарапшылардың бағасына назар аударсақ. «Қазақстандағы туризм саласын дамытудың қазіргі тенденциялары: отандық компаниялардың пікірлері» атты аналитикалық мақала «топ-менеджерлермен (компаниялармен) терең сұхбаттаса отырып» дайындалған екен, осы мақалада саланың түйткілді мәселелерін былайша көрсетеді: «әкімшілік кедергілердің болуы… біліктілігі төмен мамандар; сыртқы әлеммен қарым-қатынастың әлсіздігі»… (Мақала авторы А.А.Каирова, ҚазҰУ хабаршысы, 2014 жыл).

Яғни, туризм саласына кәсіби біліктілігі төмен мамандар да жарай береді деген мәлімдеме даулы болып шықты, жоғары білімі жоқ жұмыссыз жастар тек туризм саласынан ғана жұмыс таба алады деген тұжырымға да дау айтуға болады.

  1. «Швейцария мен Франция жылына туризмнен он миллиард доллар ақша табады»

Үкім: Жартылай шындық

Шын мәнінде Швейцария мен Франция бірге де, жеке-жеке де туризмнен 10 миллиард доллардан да көп ақша табады.

Бауржан Байбек, АлматыБауржан Байбек, Алматы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дегенмен, 2016 жылдың мәліметтері бойынша Францияның туризмнен табатын ақшасы 42 миллиард АҚШ долларына дейін төмендепті (Дереккөз: UNWTO – Дүниежүзілік туризм ұйымы).

Айгерим Мекишева
Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)