Манипуляция | Астанадағы EXPO-2017 көрмесі басқа елдердегіден арзан болды

Instagram әлеуметтік желісіндегі 1 миллионнан астам аудиториясы бар танымал парақшада Астанада өткен EXPO-2017 көрмесі басқа қалалардағы – Милан мен Шанхайдағы осындай іс-шаралармен салыстырғанда мемлекетке арзан түскенін хабарлаған пост жарияланды. Оқырмандардың өтініші бойынша біз осындай салыстырудың дұрыстығын талдап көрдік.

https://www.instagram.com/p/CEYri2knBFr/

Айта кеткен жөн, осы секілді көрмелер әлемдік, мамандандырылған, бағбандық және Миланда өткен триеналле (Trienalle di Milano) сынды бірнеше санатқа бөлінеді.  Әр санатқа арналған өзіндік тәртіп бар. Онда өткізу мерзімі, рұқсат етілген ауқымы, кезеңі және тағы басқалары көрсетіледі.

Астанадағы EXPO-2017 мамандандырылған көрме, ал Милан мен Шанхайда ұйымдастырылған көрмелер әлемдік көрмеге жатады, сол себепті мұндай салыстыру қате және манипуляция болып есептеледі. Төменде қаржыландыру айырмашылығын түсіндіретін маңызды 3 фактор келтірілген.

Специализированные выставкиМировые выставки
Срокдо 3 месяцевдо 6 месяцев
Площадьдо 25 габез ограничений
Периодичностьмежду двумя мировыми выставкамикаждые 5 лет

Төмендегі диаграммаларда әлемдік және мамандандырылған көрме ауқымының айырмашылығы анық көрсетіліп тұр. Көрсетілген 3 факторды негізге ала отырып, ауқымы біздікімен бірдей, яғни 25 га болатын кейінгі 4 көрменің ішінде Қазақстанға келушілердің саны ең аз болған.

Дегенмен, Астанадағы EXPO-ға 137 қатысушы-ел тіркелді, мамандандырылған көрмелер тарихында бұдан көп көрсеткіш 1998 жылғы Лиссабон мен 1993 жылғы Тэджондағы EXPO-да тіркелген. Қатысушы-елдер саны бойынша Қазақстанға Миландағы көрме шамалы сәйкес келеді (145 ел), бірақ Шанхай (246 ел) бұл салыстырудан мүлдем алшақ жатыр.

Қатысушылар мен келушілер санының өзгеру қисығы бірдей, бұл тенденциялардың ұқсас екенін көрсетеді. Әлемдік көрмелер тарихындағы ең ауқымды іс-шара Шанхайдағы EXPO-2010 болатын. Жоғарыда айтып өткеніміздей, көрмеге келушілер саны 70 млн-нан асты, ауқымы 523 га жерді алып, 246 қатысушы-ел тіркелген.

Дата-журналист, медиа-тренер. Изучаю журналистику и государственную политику. Целью в профессиональной деятельности является развитие казахстанского общества посредством борьбы против распространения ложной информации в период инфодемии и не только.

Factcheck.kz