Малышева не демейді немесе дәрігер тезистеріне фактчек

Күні кеше тележүргізуші Елена Малышева Instagram-парақшасында коронавирусқа қарсы иммунитет туралы көптеген пікірі бар жігерлендіретін пост жариялады. Басты мәлімдеме: «… SARS-CoV-2 антиденелерінің аурудан кейін кем дегенде 6-дан 8 айға дейін сақталатынын көрсететін зерттеу жарияланды. Антиденелер азая бастағанда оларды шығаратын есте сақтау жасушалары көбейеді… Иммун реакцияның және оның ұзақтығын талдау жұмыстары осы жылдың наурыз айынан бастап жүргізіліп келді…», – деп жазды Малышева.

Малышева не демейді немесе дәрігер тезистеріне фактчек

Дәрігердің тұжырымдарын ретімен қарастырайық, бірақ әуелі әлемде иммунитет пен оның ұзақтығына қатысты көптеген зерттеу жүргізіліп жатқанын айтып өтейік. Кейбір зерттеу есте сақтау жасушалары тақырыбында.

Алдын ала қорытынды: Пікірдің негізі – иммундық қорғаныс механизмдері (бұрында алынған) туралы білім және алдын ала қабылданған бірқатар зерттеу. Бірақ, шын мәнінде, спикер теорияға шындықты сыйғызуға тырысты. Зерттеушілер ұсынған гипотезалар дәлелденген фактілер ретінде ұсынылған. Сонымен қатар, дәрігердің тұжырымдары жалпылама сөздермен, негізсіз болжамдармен және ішінара манипуляциямен жүреді. Демек, олар адастырады.

Кіріспе: иммунитет туралы не білу керек?

Антиденелер туралы және олардың организмде қалай пайда болатыны жайында білетін шығарсыз: былайша айтқанда, Т-хелпер В-лимфоцитті белсендендіреді, ал ол антиденелер шығаратын плазмалық жасушаға айналады (гуморальды иммун реакциясы). Оған қоса, Т-хелпер Т-киллерді де белсендендіреді, олар бірге жасушалық иммундық рекацияға жауап береді. Белсендендіруден кейін В және Т-лимфоциттердің бір бөлігі «есте сақтау жасушаларына» айналады. Дәл сол инфекция ағзаға түскенде олар өзара әрекеттесе бастайды деп болжанады, нәтижесінде В-жасушалар антигенмен өзара әрекеттесу қабілеті жоғары антиденелерді синтездейтін ұзақ өмір сүретін плазмалық жасушаларға айналады. Қайталама иммундық реакцияның схемасы мынадай:

Малышева не демейді немесе дәрігер тезистеріне фактчек

Презентациядан сурет

БІРАҚ күшті иммунитет бөлінетін вирустар бар, иммунитет түзілмейтіндері де бар. Оған қоса, кейбір вирус Т-жасушаның иммун реакциясын көбірек ынталандырады, ал басқалары, керісінше, антиденелер шығарады. Ағзаның иммундық жүйесі күйі вирустармен өзара әрекеттесуде маңызды роль атқаратыны туралы айтпағанда.

Қорытынды: сондықтан (дәл Covid-19 қоздырғышы туралы айтсақ) әлемдік ғылыми қауымдастықта Т-жасушалардың иммунитетке қосқан үлесі туралы түсінік болуы маңызды. Препринттер саны өте көп (біз препринтке не себепті сақтықпен қарау керек екенін жаздық).

Мысалы, сәуір мен мамырда Бразилия мен Қытай иммунологтары бақылауының нәтижесі жарияланды. Олар  дәрігер қараған науқастарда SARS-CoV-2 вирусына қарсы антиденемен қатар (Малышева жазғандай антидене деңгейінің төмендеуі кезінде емес) жасуша иммунитеті де белсенді дамиды деген қорытындыға келді.

Енді Малышеваның жарияланымына кезек берейік.

Пікір: SARS-CoV-2 вирусына қарсы антидене ауру жұқтырғаннан кейінгі алғашқы 6 айда ағзада сақталады.

Елена Малышева

Үкім: Манипуляция және техникалық қате

Нью-Йорктегі Маунт-Синай аурухансы ғалымдарының айтарлықтай ауқымды зерттеуі (препринт) антиденелердің орташа тұрақты деңгейі симптомдар басталғаннан кейін 5 айдан кейін де қатысушылардың көпшілігінде сақталады деп болжайды. Дегенмен зерттеушілер мұндай біржақты оптимист тұжырымдар жасамайды (!).

Наурызда 72 401 ерікті адамды тексеру басталды (ПТР анализі арқылы диагнозы расталған немесе емдеуші дәрігердің қорытындысына негізделген күдікпен). Оның ішінде 30 082 адамда антидене бар екені анықталды. Аурудың басым көпшілігі жеңіл және орташа ауырлықта болды, қатысушылардың 5%-тен азы жедел жәрдем бөлімінде тексеруді немесе ауруханаға жатқызуды қажет етті.

Шип-ақуызға антидене реакциясының ұзақтығына қатысты зерттеуде тек 121 донордың плазмасы қолданылғанын айтып өткен жөн. Тестілеу симптомдар басталғаннан кейін 3 және 5 айдан кейін өткізілді.

Авторлар қорытындысы: «…бұл антиденелердің реакциясы вирусты қайта жұқтырудан қорғайтынының айқын дәлелі болмаса да… антиденелер қайта жұқтыру қаупін азайтады және қайта жұқтырған жағдайда ауруды әлсіретеді».

Тағы бір жаңа препринт 2 қарашада жарияланды – бұл жолы британ ғалымы жариялады.

Малышева не демейді немесе дәрігер тезистеріне фактчек

Наурызда басталған зерттеу кезінде Т-жасушалардың тұрақты иммун реакциясы инфекциядан кейін тура 6 айға созылатыны анықталды. Симптомдары бар және симптомдары жоқ 100 пациенттің қан сынамалары зерттелді… Сонымен қатар, олардың ешқайсы ауырған кезде ауруханаға жатқызуды қажет етпеді, бірақ симптомдары барлардың Т-жасушалары реакциясы әлдеқайда жоғары болды.

Еңбекте жазылғандай, «жасуша иммунитетінің ұзақ өмір сүруіне байланысты ерекшеліктер үміттендіріп отыр… және бүгінгі күнге дейін бақыланған салыстырмалы түрде төмен реинфекцияға ықпал етуі мүмкін».

Көріп отырғаныңыздай, айтылған екінші препринтте (Малышева осыған сілтеп отырған сияқты) әңгіме «6 ай бойы тұрақты болатын» «антидене» туралы емес, Т-жасушалар туралы, яғни жасушаның иммундық реакциясы туралы, ал бірінші зерттеуде (дәрігер осыған да сілтеуі мүмкін) антидененің иммун реакциясы туралы айтылады.

Екі зерттеудің де авторлары басқа да көптеген препринт авторы сияқты ықтималдық ретінде айтады, әрі қарайғы терең зерттеулердің қажет екенін де айтып өтеді.

Пікір: жарты жылдан кейін олар (антиденелер) келесі 6-8 айда азаяды

Елена Малышева

Үкім: Манипуляция

Біріншіден, алғашқы пациент 2019 жылдың 17 қарашасында инфекция жұқтырды, сондықтан бір жылдан кейін антиденелер аурудан 6 ай өткен соң азая бастайды, сонымен қатар олар келесі 6-8 ай ішінде азаяды деу – айтарлықтай біртүрлі, өйткені мұны растайтындай сонша уақыт өткен жоқ.

Малышеваның өзі «Иммун реакциясы және оның ұзақтығын талдау бойынша жұмыс осы жылдың наурыз айынан бастап жүргізіліп келді» деп жазды, оқырмандар үшін оның посты осы жұмыс нәтижесі бойынша жазылғаны анық.

Екіншіден, мысалы, Ұлыбритания халқының антидене деңгейі төмендегені туралы дерек бар. Нақты уақыттағы инфекция берілуін бағалау (REACT2) бойынша жүргізілген зерттеуде (тағы да препринт) маусым айының соңында Ұлыбритания халқының 6%-інде вирусқа қарсы антиденелер болған, бірақ қыркүйек айына қарай бұл көрсеткіш 4,4% -ке дейін төмендегені айтылады. Рандомизацияланған іріктеуге бүкіл ел бойынша 365 мың адам қатысты.

Дегенмен нәтижелерге әртүрлі көзқараспен қарайды: «Уақыт өте келе қандағы антиденелер деңгейі төмендейді, бірақ бұл қорғаныс жоғалды деген сөз емес. Есте сақтау жасушаларының біразы қалуы керек… – деп жазады биомедицина профессоры Шина Крукшанк, – Сонымен қатар, REACT2 егде жастағы адамдарда антиденелер уақыт өте тез төмендейтінін көрсетті, өйткені олардың көпшілігінде жас адамдарға қарағанда лимфоциттер аз (В-жасушаларды қоса алғанда)».

Үшіншіден, біржақты тұжырымдар жоқ. Кейбір зерттеуші, негізінен, сынаққа қатысқандардың көпшілігінде антидене деңгейі ауру басталған күннен бастап есептегенде 120 күнде түсе бастайды десе, басқалары антидене деңгейінің аздап қана төмендегенін байқағанын айтады. 

Пікір: Антиденелер азая бастаған кезде оларды шығаратын есте сақтау жасушаларының саны артады. Бұлар – арнайы Т және В-лимфоциттер. Олар келесі жолы коронавирус жұқтырғанда денеде қорғаныс антиденелерінің өте жылдам бөлінуіне жауап береді. Демек, аурудан бір жыл өткен соң қанда антиденелер болмаса да, бұл маңызды емес! Қажет болған кезде оларды бірден бөліп шығаратын жасушалар бар.

Елена Малышева

Үкім: Манипуляция

Жалпы, дәрігер қайталама иммун реакциясы механикасын сипаттамасын хрестоматиялық түрде берді (жоғарыдағы суретті қараңыз). Бірақ Covid-19 қоздырғышы дәл осы жағдайда болатынына ешқандай дәлел жоқ. Статистика адамдарға бұл инфекция әртүрлі әсер ететінін көрсетіп отыр. Зерттеулер иммун реакциясы және оның ұзақтығы да әр адам үшін жеке және көптеген факторға тәуелді, олардың кейбіреуі әлі белгісіз болуы мүмкін екенін көрсетті.

Зерттеу нәтижелері «жеңіл түрде өткен COVID-19-дан кейін вирусқа қарсы қорғаныс иммунитетімен байланысты функционалдық белгілер көрсететін және сақтайтын жасушалар анықталады» деген препринт бар. Бірақ онда бір жылдан кейін және қанда антиденелер болмаған кезде есте сақтау жасушалары қайталама иммун реакциясын тудыратыны туралы айтылмайды.

Пікір: Аурудың жеңіл немесе ауыр түріне қарамастан, ауырған барлық адамда антиденелер болады.

Елена Малышева

Үкім: Жартылай шындық

Нью-Йорктегі Маунт-Синай ауруханасында жүргізілген зерттеу туралы айтатын болсақ, онда оның авторлары бұған ұқсас ешнәрсе растамайды. Олардың жұмысында SARS-CoV-2-ден кейін қанында антиденелері жоқ адамдардың саны аз деген ескерту бар, бірақ мұндай адамдар болуы мүмкін. Зерттеудің ерте және кеш кезеңдерінде ПТР сынағы расталған адамдардың 99-95%-інде антиденелер анықталды. Британдықтар да препринтінде мұндай ештеңе жазбайды, тек Т-жасушалар мен антиденелер деңгейі арасындағы корреляция туралы бақылауын бөліседі.

Неміс ғалымдарының препринті және Аурудың алдын алу және бақылау жөніндегі Еуропалық орталық материалы (антиденелер барлығында табылмайды) Малышева тезисін растамайды.

Ауруға шалдыққандардың, шамамен 20%-інде антиденелер жетіспейтіні туралы дерек бар (болмаса, талдау оларды «көрмейді»), бірақ солай бола тұра олар Т-жасуша иммунитетін алады.

Пікір: Жаңа SARS-CoV-2 коронавирусын ешқашан жұқтырмаған сау адамдардың 25-тен 50%-ке дейіні жаңа SARS-CoV-2-ге қарсы антиденелерді жылдам бөле алатын есте сақтау жасушалары бар. Бұл көптеген адамның жаңа вирусқа қарсы керемет иммунитеті бар екенін көрсетеді, өйткені олар вирустың адамдар арасында бұрыннан бері айналып келе жатқан ізашараларымен кездескен.

Елена Малышева

Үкім: Манипуляция

Шынында, қазан айының басында SARS-CoV-2 әсеріне ұшырамаған адамдардың 20-50%-інда Т-жасушалардың реактивтілігі едәуір болатыны туралы перепринт жарияланды. Болжам бойынша, бұл құбылыс адамның коронавирусы үшін T-жадымен байланысты болуы мүмкін (HCoV-OC43, HCoV-HKU1, HCoV-NL63, HCoV-229E). «Дегенмен керемет иммунитет туралы гипотезасы… әлі де экспериментал сынақты қажет етеді», – деп жазады авторлар.

Маусымдық коронавирустардың SARS-CoV-2-мен ішінара бірдей гомологиясы бар, – делінген препринтте. Оған қоса, қазан айында кросс-реактивті Т-жасуша жады тақырыбын қозғаған орыс-француз ғалымдар тобының препринті шығарылды.

Нәтижелер мен қорытындылар

  • Дәрігер Малышева өзі жазған зерттеулерге сілтеме бермейді.
  • Ол айтқан мәлімдемелермен тек препринттер айтылады, онда ешқандай мәлімдемелер жоқ, тек салыстырмалы түрде аз донорлар қатысқан бақылаулар мен зерттеу нәтижелерін сипаттау және осы зерттеулерге негізделген болжамдар бар.
  • Оның кейбір тұжырымдары статистика түріндегі нақты жағдайға сәйкес келмейді.
  • Шын мәнінде, постта әлі де растауды қажет ететін гипотезалар сипатталады. Бірақ бұл гипотезалар дәлелденген фактілер ретінде ұсынылған.
  • «Хрестоматиялық» түрде қайталама иммун жауабы әрекетін сипаттайды, бірақ иммунитет көптеген факторға, соның ішінде организмнің жеке ерекшелігіне байланысты екені туралы айтылмай, шынайы болып беріледі.
  • Жалпы, Малышева постында халық инфекцияға бейімделе алатынын білдіреді. Жоғарыда келтірілген зерттеулер, статистика объектив себептерге байланысты жағдайға мұндай көзқарасты жоққа шығара алмайды немесе растай алмайды. Британдық препринт авторлары жазғандай, нәтижелер – Covid-19 вирусына иммунитет туралы «басқатырғыштың бір пазлы ғана».

Бұл материал Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің COVID-19 туралы жалған ақпаратпен күрес жобасы аясында жарияланды.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz