Малайзия соты Malaysiakini сайтына 123 мың доллар айыппұл салды

Малайзия соты елдегі танымал Malaysiakini сайтына 123 мың доллар айыппұл салды. Соттың қаулысына сай редакция сайтта жарияланған әрбір материалға, тіпті оқырмандардың пікіріне де жауапкершілік алады. Бұл туралы Guardian сайты хабарлады.

Бастапқыда сайттың бас редакторы Стивен Ган айыппұл төлеуі мүмкін еді. Бірақ сот оны кінәсіз деп тапқан соң, айыппұлды редакция төлейді.

Адвокаттар редакцияның пікірлерді тез арада өшіргенін алға тартты. Сол себептен сайттың жауапкершілік алмайтынын ескертті. Ган сотқа дейін жиырма жыл ішінде басылым журналистері билік тарапынан да, оқырмандар тарапынан да бірнеше рет қысым көргенін айтты.

Малайзия «Reporters Without Borders» халықаралық ұйымы сөз бостандығы рейтингінде 180 елдің ішінде 101-орында тұр.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz