Макронның Ресейге қатысты бастамасына шолу

Франция президенті Эммануэль Макрон – тарих доғасын өзгертуді қалайтын көшбасшылардың бірі. Француз саясатын төңкеріп, ол Еуропа Комиссиясы мен Еуропалық орталық банктің басшылығындағы өзінің таңдаулы үміткерлері үшін орындарды қамтамасыз етті, ал енді Еуропаның Ресеймен қарым-қатынасын жақсартуға тырысады.

Француз шенеуніктері 1972 жылы АҚШ президенті Ричард Никсон Қытайды ашуымен Макронның ресейлік стратегиясын салыстыруда. Бірақ Макронның дипломатиялық бастамасы  Никсондікіне керісінше. Кеңес Одағын ұстау үшін Қытаймен игіленудің (көңілін табудың) орнына, Макрон Ресейдің Қытаймен жақындасуын болдырмау үшін “Ресеймен [Еуропа] қарым-қатынасын жеңілдетуді және анықтап алуды” қалайды. Осылайша, ол Еуропаға  өз болашағын бақылауды қамтамасыз ете алады деп үміттенеді.

Макрон он тоғызыншы ғасырда Парижді қайта құру бойынша Жорж-Эжен Османның қала құрылысы жобасын алға тарта отырып, орасан зор мәнерде қауіпсіздіктің жаңа архитектурасын жасау бойынша өз жұмысын бастады. Оның алғашқы қадамы Биарритздағы Алып Жетіліктің (G7)  тамыз айындағы жиынының алдында Франциядағы Форте де Брегансонда Путинмен келіссөздер жүргізу болды. Бірақ бұл жоспарды жүзеге асыру тапсырылған Француз министрлері оның  басын аяғынан келтірді.

Енді күн тәртібінен жоғарыдан төмен қарай бастаудың орнына, олар бір мезгілде Ресеймен қарым-қатынасты жақсартуға қол жеткізе отырып,  Еуропалық қауіпсіздікті төменнен жоғары қарай құруға тырысады. Француз жол картасы бес негізгі салаға: қарусыздану, қауіпсіздік мәселелері бойынша диалог, дағдарысты басқару, құндылықтар мен біріккен жобаларға назар аударады.

Тамыз айының соңында Макрон  Еуропалық және Еуразиялық интеграцияның түрлі дәрежелерін қамтитын “концентрациялық шеңберлер” жүйесіне өз көзқарасын білдіріп сөз сөйледі. Мұндай уағдаластық НАТО мен ЕО-ға мүше мемлекеттер шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, Ресей басшылығымен Еуразиялық экономикалық одақпен неғұрлым өнімді қарым-қатынасты қамтамасыз етуге және Украинадағы өңірлік қақтығыстарды реттеу жолдарын ұсынуға тиіс еді.

Бастаманы іске асыру мерзімдері ақылға қонымды . Макрон сияқты, жақында сайланған Украина президенті Владимир Зеленский саяси партияны жоқтан бар жасап, сенімді жоғалтқан ежелгі режимді жоямын деген уәдесімен  билікке келді. Сонымен қатар, Зеленский Украинаның қауіпсіздік саласындағы жағдайды басты басымдық деп шешті.

Марк Леонард, Еуропалық Кеңестің Халықаралық қатынастар жөніндегі директоры.

Макрон Ресейдің Қытайға деген жақындылығы, кем дегенде ішінара болсын, Батыстың нашар басқаруының нәтижесі деп санайды. Ол Кремльдің аумақтық агрессиясына және сайлауға араласуына қатысты емес. Бірақ Еуропа үшін алаңдаулы кез келген ел осы тұлғамен бетпе-бет айналысуы тиіс деп есептейді. Маған бір француз шенеунігі түсіндіргендей “Иран мен Солтүстік Корея үшін не шындық болса, ол нәрсе Ресей үшін де шындық. Біз тек санкциялардың артына тығылып отырып оған әсер ете алмаймыз және оны неғұрлым жауапты әрекет етуге жетелей де алмаймыз.”

Макронның әрекеттеріне қосымша өзектілікті қосқан АҚШ президенті Дональд Трамп, ол Еуропалық қауіпсіздіктің кепілі ретінде Америкаға сенуге болмайды деген Франция Голлистерінің күдігін растады. Қытаймен қақтығыстың ушығуына қарай Құрама Штаттар Еуропа мен көршілес елдерге (бұрынғы Кеңес Одағы, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка) аз көңіл бөледі. Француздар Трамп Еуропалық Одақты АҚШ пен Қытай арасында қыспаққа қалдыра отырып, Ресеймен орасан зор мәміле жасай алады деп қорқады.

Макронның ең үлкен уайымы – Еуропа. Егер Еуропалық Одақ басқа державалардың ықпалымен өз ішінде бөлінгенін тоқтатпаса, ЕО ешқашан XXI ғасырда жаһандық ойыншы болмайды. Макронның пікірінше, Еуропаның Ресеймен қарым-қатынасын қайта қарау Еуропалық “егемендікті” қамтамасыз ету жолындағы алғашқы қадам болып табылады. “Егер сізге ұлы державалардың үстелінде орын болмаса, демек сіз мәзірдесіз”- дейді маған бір француз шенеунігі. “Әрине, француздар Қырым аннексиясы мен Шығыс Украинаға басып кіргеннен кейін Ресейге қатысты енгізілген санкцияларды басқа Еуропалықтардың қолдауын түсінеді; бірақ олар Еуропа қауіпсіздігінің кең саясатының әлсіздігінен қауіптенеді.

Ең дұрысы, ЕО санкциялар мен  НАТО-ның тоқтатуын ұштастыра отырып, Ресейге екі жақты көзқарасты ұстануы тиіс. Француздардың шағымы  – мұндай өзара іс-қимыл үшін ешқандай маңызды арналар жоқ және санкциялар Ресей тарапынан келетін жалпы қауіп-қатерді жоймайды. “Егер Мәскеу Украинаға немесе Сирияға қатысты басып кірсе, ал кейбір мүше мемлекеттер санкцияларды ұзартуды бұғаттауды шешсе, Еуропа бірлігімен не болады? – деп Француз шенеуніктері сұрақ қоюда.” Бұл Ресейге қатысты ЕО саясатының аяқталуын білдіретін сияқты.

Дегенмен, Макронның бастамасы көптеген сұрақтарды тудырады. Путиннің украиндық қақтығысты реттеуге қандай да бір қызығушылық бар ма, әлі де анықтау керек. Тіпті Еуропа Ресейді Қытайдан бөлуге қабілетті болса да, Трамп әкімшілігі шетке тұрып Еуропалық бастаманың орын алуына мүмкіндік береді ме ол да белгісіз.

Бірақ ең үлкен сұрақтар Еуропалық тарапта. Орталық және Шығыс Еуропаның көптеген елдері Макронның “концентрациялық шеңбері” аясында екінші сортты мүшелер болып қаламыз ба деп қауіптенеді. Басқалары Макрон Украинаны сатып кетеді, Ресейдің ыңғайына қарай қақтығысты реттеуге мәжбүрлейді деп қорқады. Және Макронға өзінің бастамасын басқа Еуропалықтармен кеңеспей бастағаны үшін көмектеспейді, сонымен қатар олардың көпшілігі ЕО қауіпсіздігіне Американың қызығушылығының әлсіреуіне алаңдаушылық туғызуда. 

Француз шенеуніктері Никсон Қытайға өз миссиясын бастамас бұрын АҚШ-тың одақтастарымен кеңеспегенін атап өтті. Бірақ қауіпсіздік қаршығасы ретінде Никсонның беделі даусыз болды, ал Францияға орталық және Шығыс Еуропада кейбір елдері күдікпен қарайды, себебі олардың мүдделері әлемдік аренада орын алуғалы жатқан нео-Галлиялық талпыныстың құрбаны болуы мүмкін деп қорқады.

Егер Макрон табысқа жеткісі келсе, онда ол Орталық және Шығыс Еуропа ғана емес, сондай-ақ Украина, Грузия және Молдова сияқты бұрынғы кеңестік республикалардың егемендігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндіігн дәлелдеуге тура келеді. Оған сондай-ақ Солтүстік Еуропа және Балтық елдерімен, сондай-ақ ЕО тиісті мекемелерімен және Шетелдік істер мен Қауіпсіздік Саясаты жөніндегі жаңа Жоғары Өкіл Хосеп Боррельмен неғұрлым тығыз ынтымақтастықты дамытуға тура келеді. Ең алдымен, Макрон бастамасы қауіпсіздікке ортақ көзқарас үшін сенімді платформа құруға тиіс. Егер ол бір елдің басқалардың алдында артықшылық ретінде қарастырылса, ол және оның авторы тарих кітаптарында емес, ас мәзірінде болады.

Макронның Ресейге қатысты бастамасына шолу

Марк Леонард – Еуропалық Кеңестің Халықаралық қатынастар жөніндегі директоры.

Авторлық құқық: Project Syndicate, 2019.
www.project-syndicate.org

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz