Қытай мен АҚШ: «Синьхуа» жалған ақпарат жайлы ескертті

«Синьхуа» ақпараттық агентігі өткен жылғы “Қытай мен АҚШ арасындағы сауда-саттық соғысы аяқталды” деген жалған ақпарат Қытайдың басылымдарында таралып жатқанын ескертеді. ТАСС-тың хабарлауынша агенттік басылымдардың мұндай іс-әрекетін “фейк және жалған ақпарат” деп бағалады.  

Дүйсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00 қытайлық бірқатар басылымдар “Синьхуаның хабарлауынша Қытай мен АҚШ арасындағы сауда-саттық соғысы аяқталды. Қақтығыстар тоқтатылды!» деген ақпарат таратқан еді. Алайда, мақаланы бірден өшіріп тастады.  

Үш сағаттан соң «Синьхуа» хабарды өткен жылы Weibo әлеуметтік желісіндегі агенттіктің ресми парағында жарияланғанын және басқа біреудің таратып жатқанын ескертті. 

Агенттік «Бұл ақпаратты “Синьхуа” 2018 жылдың 20 мамыр күі жариялады. Бүгін мұндай ақпарат таратылмады» деп мәлімдеді.  

Хабарламада «Біз “Синьхуа” агентігінің атынан жалған ақпаратты заңсыз  таратқандарды айыптаймыз және осы оқиғаға байланысты тергеуді өз мойнымызға аламыз» деп айтылған. 

«Синьхуа» – Қытай үкіметінің ресми ақпараттық агентігі. Бұл мемлекеттегі ең ірі агентік. 

Factcheck.kz