Қырғызстанда сот шешімінсіз Теміров төлқұжатының күші жойылды

Қырғыз журналисі Болот Теміров төлқұжатының күші жойылып, азаматтығынан айырылған. Бұл туралы Теміровтің өзі Kaktus.media редакциясына хабарлаған.

Теміровтің сөзінше, оның үстінен азаматтығына қатысты қылмыстық іс қозғалған кезде, материалдардың арасында жеке төлқұжатының күші жойылғанын растайтын құжаттар болған. Кейін ол милиция тергеушісінің шешіміне шағымданған.

Бүгін прокуратура тергеушінің шешімі заңды екенін хабарлады. Бұған қоса нотариус төлқұжатымның базада жарамсыз деп танылғанын растады.

Болот Теміров

Сонымен қатар, Теміров Қырғызстан азаматтығынан сот шешімінсіз айырылғанын айтты.

Теміровтің сөзінше, тергеуші ҚР төлқұжаты туралы заңға сілтеме жасап, “қылмыстық іс материалдарында ішкі істер органының шешімімен журналист төлқұжаты жарамсыздығы жазылған баған бар” екенін мәлімдеген. Әйтсе де, Kaktus.media жазуынша, Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес, тергеушінің мұндай өкілеттігі жоқ.

Контекст

  • 2020 жылдың қаңтарында Қырғызстан кеден қызметі басшысының орынбасарына қатысты зерттеу жарияланғаннан кейін үш адам Теміровті соққыға жыққан.
  • 2022 жылдың қаңтарында Теміров «Екі күнде қалай 37 миллион сом табуға болады? Садыр Жапаров және Ташиевтер схемасы» зерттеуін жариялаған. Екі күннен кейін милиционерлер Temirov Live кеңсесіне басып кіріп, Болот Теміровті ұстап, офис техникасы мен басқа да редакциялық құрал-жабдықтарды тәркілеген. Бұл кезде журналиске «есірткі сақтады» деген айып тағылған еді.
  • 2022 жылдың 20 сәуірінде Болот Теміровке «жалған құжат жасады» және «мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтті» деген айып тағылып, тағы да қылмыстық іс қозғалған.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz