Қырғызстан билігі “Азаттықты” бұғаттан шығарудан бас тартты

Қырғызстанның мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі «Азаттық» сайтына қызметін қайта жалғастыруға рұқсат беруден бас тартты. Бұл туралы Orda.kz Telegram арнасында хабарлады.

Азаттық Мәдениет министрлігінің әкімшілік шағымын қарауы аяқталмайынша бұғаттауды тоқтатуды және редакцияға тағылған барлық айыпты алып тастауды сұраған. Алайда департамент медианың ешбір уәжін қабылдамады.

Айта кетейік, Қырғызстан билігі “Азаттық” сайтын екі айға бұғаттаған. Оған Азаттық құзырындағы «Настоящее время» сайтында 16 қыркүйекте жарияланған видео себеп болған. Мәдениет министрлігі мамандарының пікірінше, «Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы ауыр шайқас» деп аталатын бейнеде өшпенділік тілі қолданылған және Қырғызстанның көрші мемлекетке шабуыл жасағаны туралы расталмаған ақпарат жарияланған.

Журналистерді қорғау комитеті үкіметтің шешімін «цензура» деп атады. Оған қоса олар тәуелсіз медиаға жау ретінде қарауды доғаруға және кедергісіз жұмыс істеуіне мүмкіндік беруге шақырды.

Factcheck.kz