Құқық қорғаушылар бас прокуратураға хат жолдады

Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі бюро жетекшісі Евгений Жовтистің және “Адам құқықтары жөніндегі хартия” қорының атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетова астана мен Алматы қалаларында тұрғындарды тұтқындағаннан соң бірігіп хат жазды. Хаттың толық нұсқасы bureau.kz сайтында оқи аласыз.

Құқық қорғаушылар хатты бас прокурор Гизат Нұрдаулетовке, президент жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Қуаныш Сұлтановқа және адам құқықтарына жауапты Асқар Шакировқа жолдады.

Жовтис пен Тұрмағамбетованың айтуынша екі бас қалада 9-10 маусым ұсталғандардың саны ресми деректермен сәйкес емес. Дегенмен, ұсталғандардың нақты саны оларға да белгісіз.

Сондай-ақ, хаттың авторлары азаматтарды тұтқындауды арнайы күштердің «жағдайға сай емес қатыгездікпен» жүргізгені туралы пікірін білдірді. Құқық қорғаушылар ұсталғандардың соты полиция департаменттерінде адвокатсыз жабық өткенін сынға алды.

Евгений Жовтис пен Жеміс Тұрмағамбетова азаматтардың бейбіт жиындарды өткізу құқығының бұзылғандығына қарсылығын білдірді. Оның үстіне, 9-10 маусым күндері наразыларды ұстау кезіндегі полиция әрекетін талдап, баға беру үшін тәуелсіз комиссия құруды талап етті. Мәлімдеме авторлары митинг кезінде ұсталғандардың тізімін, нақты санын, қайда екендерін жариялауды сұрайды.

Маусымның 9-10 астана және Алматы қалаларында полиция  бейбіт митингіге шыққан азаматтарды тұтқындай бастады. ІІМ дерегі бойынша бірінші күні 500-дей адам тұтқындаған.

 

Factcheck.kz