Құқық қорғаушы Арон Атабекті босату жөнінде президентке хат жолдады

20 қыркүйекте Бақытжан Төреғожина бастаған бірнеше құқық қорғаушы түрмедегі диссидент Арон Атабекке рақымшылық жасау туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдағанын хабарлады. Хатқа бес күн ішінде 2,5 адам қол қойған.

Құқық қорғаушы Арон Атабекті босату жөнінде президентке хат жолдады

Хатта президенттің өз қалауы бойынша – сотталған адамға рақымшылық жариялай алатыны, сол құқықты пайдаланып Арон Едігеевті (Атабекті) босату туралы айтылған.

Бұған дейін, Қазақстанда Ұлттық алдын алу тетігі (ҰААТ) қатысушылары 15 жыл қамауда отырған ақын әрі диссидент Арон Атабекпен жолығып, халінің нашар екенін айтқан еді.

Арон Атабек 2006 жылғы “Шаңырақ” оқиғасынан кейін 18 жылға сотталған. Билік оны сол оқиға кезінде қаза тапқан полицейдің өліміне кінәлі деп тапқан. Құқық қорғаушылар үкімнің негізсіз екенін айтып, оны “саяси тұтқын” деп таныған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz