Куба билігі 2 жасқа толған балаларға вакцина сала бастады

Куба кішкентай балаларға коронавирусқа қарсы вакцина егуді бастаған әлемдегі алғашқы ел болды. Бұл туралы Deutsche Welle сайты хабарлады.

Дүйсенбі, 6 қыркүйекте Сьенфуэгос провинциясында 2 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға вакцина салуды бастады. Әзірше, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мойындамаған жергілікті Abdala және Soberna вакцинасын қолданып жатыр.

Пандемияға байланысты Кубадағы мектептер 2020 жылдың наурызынан бастап іс жүзінде ашылмады. Сонымен қатар, 6 қыркүйекте жаңа оқу жылы басталды.

Сабақ көптеген отбасының интернетке қол жеткізе алмауына байланысты теледидар арқылы жүргізіліп жатыр. Куба билігі қазан айынан бастап барлық бала мен жасөспірім коронавирусқа қарсы вакцина салдырса, мектептерді кезең бойынша ашуды жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта ЕО елдерінде 12 жасқа толған балаларға вакцина салу жалғасып жатыр. Сонымен қатар, алдағы уақытта Қытай, БАӘ және Венесуэла кішкентай балаларға вакцина егуді бастайтынын хабарлады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz