Коронавирусты бір минутта жоятын спрей жасалды ма?

Ресейлік және қазақстандық медиада Түркияда жасалған спрей туралы ақпарат тарады. Материалда Genoxyn-ның ауыз бен мұрын ішіндегі коронавирусты минут ішінде жоятыны, сол арқылы ішке түсетін вирусты азайтатыны жазылған. Factcheck.kz ақпараттың қаншалықты рас екенін тексерді.

Коронавирусты бір минутта жоятын спрей жасалды ма?

Үкім: Жалған және манипуляция

Ақпараттың рас екенін дәлелдейтін тәуелсіз ғылыми журналдарға жарияланған зерттеу нәтижесін таба алмадық. Ғалымдар жұмыс істейді деген Түркияның Бурса қаласында орналасқан Ұлыдағ университетінің сайтында шағын ақпараттан басқа түк жоқ. БАҚ-та алғаш болып ақпарат таратқан Daily sabah сайтында айтылған ғалымдардың сөзі ғана дәлел ретінде пайдаланылып жүр. Ақпарат мүдделер қақтығысына ұқсайды.

Geoxyn nanotech компаниясы бұған дейін де спрей сатумен айналысқан. Соған қарағанда бұл үлкен жарнамалық процестің бөлігі болса керек. Ақпараттың тағы бір қызық тұсы, спрейді “жасап шығуға” атсалысты деген ғалымдардың бірі Ахмет Үміт Сабанжы SONOFARMA İLAÇ KİMYA SANAYİ TİCARET LTD. ŞTİ (Geoxyn nanotech) компаниясының негізін қалаған. Алайда оның университет журналында жариялаған мақалаларынан басқа қандай да бір ірі ғылыми платформадан жүргізген зерттеуін таба алмадық.

Еске сала кетейік, бұл коронавирустан қорғайтын спрей туралы медиада бетіндегі алғашқы ақпарат емес. Бұған дейін Ұлыбритания Virusend деп аталатын спрейді әр-бір әскери пайдаланатын болады деген. Себебі ол коронавирусты бір минут ішнде 99.99%-ке жояды деген ақпарат таратқан.

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz