Колумбия университетінде А. Байтұрсынұлын дәріптеп жатыр ма?

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде “Колумбия университеті кітаптарының бірінде Ахмет Байтұрсынұлын дәріптейді екен” деген ақпарат тарап жүр. Тіпті кейбір жерде “Колумбиядағы университеттің бірінде” деген тіркес те тарады. Ақпарат қайдан шықты, түп-төркіні қайда жатыр, бірге тексеріп көрейік.

Колумбия университеті кітаптарының бірінде Ахмет Байтұрсынұлын дәріптейді екен

Әлеуметтік желідегі ақпарат

Үкім: Манипуляция

Ахмет Байтұрсынұлының суреті жарияланған кітап авторы – Эдуарт Олуорд (Edward Allworth), Колумбия университетінің профессоры. Сурет кітаптың 176-бетінде. Эдуард университетте дәріс барысында еңбегі жайлы шәкірттеріне айтқан, алайда Байтұрсынұлын дәріптемеген. Профессор 2016 жылы қайтыс болды және қазір оның еңбегі Колумбия университетінде оқытылып/оқытылмауы жөнінде ақпарат жоқ.

Central-Asia-One-Hundred-Thirty-Years-of-Russian-Dominance-A-Historical-Overview-by-Edward-A.-Allworth-z-lib.org_compressed

Эдуард Олуорд “Орталық Азия: Ресейдің 130 жылдық билігі” еңбегінде Ресей патшалығы отарлаған осы мемлекеттердің тарихына шолу жасай келе, ондағы негізгі тұлғаларды да атап өтеді. Оның ішінде Міржақып Дулатұлы, Әлихан Бөкейханұлы сияқты қазақтың зиялылары да бар.

Контекст

Америкалық тарихшы (әсіресе Орталық Азияны зерттеген) проффессор Эдуард Олуорд (Edward Allworth) 1967 жылы “Орталық Азия: Ресейдің 130 жылдық билігі” атты тарихи шолу (соңғы 130 жыл) еңбегін жариялаған болатын. Уақыт өте келе еңбек үшінші рет жаңарып (1989 жылы) қайта шыққан. Соңғы нұсқасын 1994 жылы жазған. Еңбек Duke University Press-тің қолдауымен басылған. Еңбекте Орталық Азия елдерінің тарихы, дәстүрі мен мәдениеті және егемендік алу жолындағы күресі жазылған. Эдуард Орталық Азия жайында бұдан бөлек бірнеше кітаптардың авторы.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz