Қазақстанның саяси аренасында қанша әйел жұмыс істейді?

Бүгін біз Ekonomist.kz редакциясымен бірге дайындаған Қазақстандағы гендерлік алшақтыққа қатысты мақалалар топтамасының екінші материалын жариялап отырмыз. Бұл жолы биліктің атқарушы органдарында (облыс және ірі қалалардағы әкімдіктер деңгейінде) басшылық лауазымды қанша әйел атқаратынына, сондай-ақ қала және облыс мәслихаттарында қанша әйел бар екеніне тоқталамыз. Еске сала кетейік, бірінші материалымызда жалпы қазақстандық саясатта әйелдердің әлі де аз екенін айтқан едік. Осы орайда енді «жергілікті» жерлерге де зер салуды жөн көрдік. Материалда алматылық және елордалық мәслихаттардың қазіргі шақырылымының екі әйел депутатымен сұхбаттар да бар. Бірақ басында тарихқа тоқтала кетейік.

Қазақстанның сайланбалы органдарындағы гендерлік алшақтық мәселесінің тарихы туралы

Мысалы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің V шықырылымдағы (1959-1963) депутаттарының 32,4%-ы әйел болған, кейінгі шақырылымдарда осы көрсеткіш сақталған. Алайда Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, атап айтқанда ҚР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымындағы (1990-1993) 360 депутат мандатының тек 22-сі ғана әйелдерге тиесілі болған. Яғни әйелдердің саясаттағы саны тұрғысынан тәуелсіз Қазақстан мен ҚазССР арасында едәуір айырмашылық бар екенін көреміз (бұл жерде екі кезеңдегі саяси құрылымға, сайланбалы органдардың сапасы мен ықпалына қатысты мәселелерге бармайық). Мәжілістің I шақырылымында әйелдердің саны 12%-дан аз болды. Енді партиялық тізімдерге әйелдер мен жастар үшін 30% квота енгізілгеннен кейін ҚР Мәжілісіндегі әйелдер үлесі 26%-ға дейін артты.

Облыс әкімдіктерінің басшылары арасында әйелдер бар ма?

gov.kz сияқты ашық дереккөздерді пайдалана отырып, біз әкімдер мен олардың орынбасарлары деңгейіндегі аймақ басшыларының жыныстық құрамын қолмен есептеп шықтық. Нәтижесінде мұндай деңгейде қызмет атқаратын әйелдердің үлесі бар-жоғы 10% екені анықталды. Бұл ретте облыс әкімі лауазымындағы жалғыз әйел – Гүлшара Әбдіқалықова. Жалпы жағдай келесі суреттегідей:

Қазақстанның саяси аренасында қанша әйел жұмыс істейді?

Осы материал жазылған сәтте Қазақстанның 9 облысында (оның ішінде Қызылорда облысында да) әкімдердің орынбасарлары арасында әйелдер болған жоқ. Алматы және басқа да бірқатар облысты 6 ер адам басқарады. Ақмола, Қостанай және Маңғыстау облыстарының әкімдіктерінде – 2, Атырау және Павлодар облыстарында 2 әйел орынбасар бар екен.

Ірі қалалардың әкімдіктеріндегі әйелдер

Бірден айта кетейік, ірі қалалардың әкімдері арасында әлі бірде бір әйел жоқ.

Қазақстанның саяси аренасында қанша әйел жұмыс істейді?
2021 жылғы деректер. Қызыл түспен әйелдер, көк түспен ерлер белгіленген.

Көріп отырғанымыздай, гендерлік тепе-теңдік Павлодар қаласының әкімдігінде сақталған, ал басқа қалаларға бұл тұрғыда әлі жұмыс істеу керек. Бұл, әсіресе, Шымкент, Алматы, Семей, Өскемен, Қарағанды, Ақтау, Қызылорда, Қостанай, Тараз, Орал және Атырау қалаларына, бір сөзбен айтқанда, Қазақстанның барлық ірі қалаларына қатысты.

Қазақстанның саяси аренасында қанша әйел жұмыс істейді?

Көріп отырғанымыздай, Қазақстандағы ірі қалалардың басшылығындағы әйелдер үлесі бар-жоғы 7%.

Облыс және қала мәслихаттарындағы әрбір бесінші депутат – әйел, алайда оларда нақты билік бар ма?

Жалпы облыс мәслихаттарында әйелдердің үлесі 27,8%-ға тең. Еске сала кетейік, былтырдан бастап «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» және «Саяси партиялар туралы» заңдарда жаңа нормалар қарастырылған. Оларға сәйкес әйелдер мен жастар үшін партиялық тізімдерге 30 пайыздық квота енгізілген. Негізі аталған нормалардың басты мақсаты – әйелдер мен жастарды тек парламент емес, мәслихаттар жұмысына да тарту еді.

Жалпы алғанда өкілетті органдарда әйелдер саны артты. Мысалы 2016 жылы еліміздегі мәслихаттардағы әйелдер үлесі шамамен 22% болды.

Қазақстанның саяси аренасында қанша әйел жұмыс істейді?
7 шақырылым, 2021 жыл. Қызыл түспен әйелдер, көк түспен ерлер белгіленген.

Еске сала кетейік, бұған дейінгі шақырылымдарда оңтүстік өңірлердегі мәслихаттар әйел депутаттар саны жағынан артта еді. Мысалы ОҚО мәслихатында олардың үлесі бар-жоғы 5% болған. Қазір Түркістан облысында әйелдердің үлесі 24%. Есесіне Жамбыл облысының мәслихаты көш соңында қалды, себебі бұрынғы шақырылымда 17% болса да, қазір әйелдер саны 14%.

Осыған ұқсас сандарды ірі қалалардың мәслихаттарында да көруге болады, онда әйелдердің үлесі шамамен 26,7%. Бұл ретте әйелдер үлесінің өсуі біркелкі емес. Мысалы Алматыда әйелдер саны 16%-дан 26%-ға дейін өссе, Нұр-Сұлтанда 32%-дан 25%-ға дейін азайды.

Қазақстанның саяси аренасында қанша әйел жұмыс істейді?
7 шақырылым, 2021 жыл. Қызыл түспен әйелдер, көк түспен ерлер белгіленген.

Қорытынды: Әкімдіктер vs Мәслихаттар

Жалпы Қазақстанда гендерлік алшақтықты жою тұрғысында жағдай жергілікті сайланбалы органдарда жақсарды, алайда әкімдіктердегі шешім қабылдайтын деңгейіндегі саяси лауазымдарда жағдай ондай емес.

Өңірлерде билікте жүрген әйелдердің жағдайын төмендегі қорытынды кесте көрнекі көрсетеді:

Қазақстанның саяси аренасында қанша әйел жұмыс істейді?

1 және 0 – материалдың негізгі сандары. Бұл облысты және ірі қаланы басқарып отырған әйелдер саны.

Сөз соңында: Теңдікді құр сөзбен талап етпеу

Қазақстан Халық партиясы атынан сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаты Ақбөпе Әбілқасымовамен сұхбат.

Қазақстанның саяси аренасында қанша әйел жұмыс істейді?
Алматы мәслихатының депутаттары

Бүгін біз жанр шеңберінен шығып, жоғарыда талқыланған кейіпкерлердің мәселесімен тек құрғақ статистика тілінде сөйлесуді жөн көрдік. Біздің сұрақтарымызға Алматы қаласы мәслихатының депутаты, Қазақстан Халық партиясының өкілі Ақбөпе Әбілқасымова жауап беруге келісті.

– Сіздің ойыңызша әйелдер санының артуы мәслихат жұмысына қалай әсер етеді (өткен шақырылыммен салыстырғанда Алматы мәслихатында әйел депутаттардың саны 10%-ға артты)?

– Әйелдердің саяси өмірге қатысуы демократия саласындағы айтарлықтай жетістіктерге, оның ішінде азаматтардың қажеттіліктерін анағұрлым тиімді шешуге, партиялар арасындағы ынтымақтастықты арттыруға және соның арқасында еліміздің тұрақты келешегіне әкелуі керек. Біз кез келген мемлекетте халықтың тең жартысын құраймыз. Демек саяси институттарда әйелдер санын арттыру демократиялық заңдылық үшін де қажет. Біз үшін отбасы мен балалар мәселесі өте маңызды, сондықтан әйелдер әлеуметтік саладағы мәселелерді тиімді шеше алады. Гендерлік теңдік тек сөз жүзінде қалмау керек, оны елдің саяси өміріне әйелдерді белсенді түрде тарта отырып жүзеге асыру қажет.

– Мемлекет шешім қабылдаудағы гендерлік алшақтықты азайтуға бағытталған ынта-ықыласына қарамастан, Қазақстанда саясат – ерлер айналысатын сала. Сізге бұл ортада қаншалықты ыңғайлы, сізде мәслихаттағы ер азаматтарда сияқты саяси ықпал бар екенін сезінесіз бе?

– Маған бәрі ыңғайлы. Біріншіден, ата-анам мені өте еркін және өзіне сенімді адам ретінде өсірді. Бала кезімде каратэмен айналыстым, ал 30 жыл бұрын бұл 95%-ға ерлердің спорты еді. Екіншіден, еліміздегі ерлердің көбі әйелдерге зор құрметпен қарайтындығын атап өткім келеді. Мәслихаттағы әріптестерім, ең болмағанда, жұмыс бойынша кездескендері біздің қызметке құрметпен қарайды. Үшіншіден, мен жақсы білім алғанмын, банк қызметінің ең күрделі салаларының бірі – әлемдегі ең ірі банктердің бірінде қазынашылықта да, кәсіпорын басшысы ретінде – коммуналдық қызметтерді көрсететін жерде де жұмыс істеп, тәжірибе жинадым. Менің ойымша, бұл мені өзіме сенімді болуға үйретті.

– Сіздің үш балаңыз бар. Отбасыңызға, негізгі жұмысыңызға және мәслихаттағы жұмысыңызға уақытты қалай бөлесіз?

– Үлкен балаларым есейді деуге болады, біреуі – студент, екіншісі – мектеп бітірейін деп жатыр. Қызым күні бойы, тіпті, сенбі күні де мектепте және жаттығуда болады. Сондай-ақ күйеуіммен де жолым болды, ол маған көп көмектеседі және қолдайды. Негізгі жұмыста мені 8 жылға жуық бірге жұмыс істеген, қалыптасып қалған ұжымым мен әріптестерім қолдайды. Кез келген әйел сияқты мен үшін ең бастысы – отбасым, балаларымның денсаулығы және әл-ауқаты. Саясатқа осы үшін келдім десе де болады, себебі мені экология, білім беру саласы және тұтастай алғанда елдің дамуы қатты алаңдатады.

– Сіздің ойыңызша, саясаткер әйелдер дәстүрлі түрде әйелдерге жақын салаларды, яғни әлеумет, денсаулық сақтау және т. б. саладағы мәселелерді тиімдірек шеше ме, әлде қазақстандық әйелдер дәстүрлі түрде ерлерге тиесілі саналатын қорғаныс, өнеркәсіпті дамыту, сыртқы саясат және басқа да осыған ұқсас сұрақтармен айналысуға дайын ба?

– Қоғамның толық құқылы мүшесі ретінде кез келген әйел кез келген білім алуға, сондай-ақ сол білімін жүзеге асыруға мүмкіндігі болуы тиіс. Иә, біз өз табиғатымызбен әлеуметтік салаға жақынбыз, иә, бізде ұрпағымызды қорғауға бағытталған ана инстинкті бар, сондықтан болар біз ең алдымен білім беруге қатысты әлеуметтік мәселелер мен тақырыптарды көтереміз. Алайда біз экономикалық дамуды айтпағанда, мемлекет басқарып, әскери іс пен сыртқы саясатта үлкен жетістікке жеткен әйелдер (тарихи тұлғалар) туралы көп білеміз. Арнайы білімі мен жұмыс тәжірибесі бар әйелдер ерлермен әртүрлі қызмет саласында бәсекеге түсе алады деп ойлаймын. Қайталап айтамын, ең бастысы – қыздарға сапалы білім алуға мүмкіндік беру.

Әйелдерсіз демократия жоқ па?

Біздің сұрақтарымызға Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты, елордалық емханалардың бірінде бас дәрігер болып қызмет атқаратын Алтыншаш Табулдина да жауап берді.

Табулдина Алтыншаш Жумашевна | Депутаты VI созыва | Маслихат города Нур-Султан

– Менің ойымша бұл «халық үніне құлақ асатын мемлекет» жолында жасалған қадам, – дейді Алтыншаш Табулдина ел бойынша сайланбалы органдардағы гендерлік алшақтықты азайту тренді туралы.

– Әлсіз жандар деп аталатын адамдардың уайымы мен қиындықтарын тек әйелдер ғана түсіне алады. Біз тамыры тереңге жайылған көптеген мәселені шеше аламыз деп сенемін.

– Сіз өзіңіздің мәслихаттағы ер әріптестеріңіз сияқты саяси ықпалға ие екеніңізді сезінесіз бе? Біз сіздің медициналық мекемені басқаратыныңызды білеміз, сондықтан сізге ыңғайлы шығар.

– Иә, сіз дұрыс айтасыз, Қазақстанда әйелдердің саясаттағы рөліне деген дәстүрлі көзқарас әлі де бар. Алайда менің мойнымда да осындай лауазымдарды атқаратын ер адамдарда сияқты жауапкершілік бар. Жақында мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болдым. Мұнда да жауапкершілік аз емес, өйткені адамдардың күнделікті өміріне әсер ететін көптеген шешім жергілікті деңгейде қабылданады.

– Отбасыңыз, емхана басшылығы және мәслихаттағы жұмысқа уақытыңызды қалай бөлесіз? Сіз үшін бастысы не?

– Әрине, бұл өмір және кейде бәрі жоспарланғандай болмайды. Сондықтан отбасылық өмірді, депутаттық қызметті және бас дәрігердің жұмысын бірге алып жүру оңай емес. Барлығында тепе-теңдікті сақтауға тырысамын. Күйеуімнің, балаларымның, туған-туыстарым мен достарымның қолдауын ерекше бағалаймын, олар маған әрдайым ерік-жігер мен шабыт сыйлайды.

– Қазақстанда саясаттағы әйелдердің санын арттыру керек деп ойлайсыз ба? Егер «иә» десеңіз, не үшін?

– Сөзсіз арттыру қажет. Бұл демократиялық қоғам құру үшін қажет.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz