Қазақстанның ЕЭО елдеріне өңделген өнім экспорты өсті ме?

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің Еревандағы кеңейтілген құрамындағы отырысында Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) елдерінің арасындағы тауар айналымына байланысты бірнеше мәлімдеме келтірді.

Factcheck.kz Смайылов сөзі қаншалықты рас екенін тексерді.

Мәлімдеме: Сыртқы сын-қатерлерге қарамастан, Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда-саттығы осы жылдың 8 айында $17 млрд-тан асты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға артық.

Әлихан Смайылов

Үкім: Шындық

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы Қазақстанның ЕЭО елдерімен өзара сауда-саттығы — 17,2 млрд доллар. 2021 жылдың тиісті кезеңімен салысытырғандағы өсім — 4,5%.

Мәлімдеме: Жалпы, бірлестік құрылған сәттен бастап Қазақстан одақ елдеріне өңделген өнімнің экспортын 64%-ға ұлғайтты.

Әлихан Смайылов

Үкім: Техникалық қате

ЕЭО-ны құру туралы келісім 2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енгендіктен, 2015-2021 жылдардағы статистиканы қарастырамыз.

Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сай, 2015 жылы өңдеу өнеркәсібі бойынша Қазақстанның одаққа экспорты — 24,4 млрд доллар болған. 2021 жылдың қорытындысы бойынша, бұл көрсеткіш 47 млрд долларға, яғни 92,27%-ке өскен.

Оқи отырыңыз:

Бұған дейін Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы сауда айналымының 92%-і Ресейге тиеcілі екенін жаздық.

Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сай, ЕЭО елдерінен көп сатып аламыз, аз сатамыз: кейінгі 5 жылдағы экспортымыз 31 201 млн доллар, ал импортымыз 75 394 млн доллар болған. Бұл аралықта сауданың теріс сальдосы 44 192 млн долларға жеткен.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz