Қазақстандағы ер мен әйел табысы, карьера мүмкіндіктері туралы мифтер

Соңғы уақытта Қазақстандағы ер мен әйел теңдігіне қатысты мифтер көп тарай бастады. Олардың кейбірі тіпті абсурд екенін де атап кеткен жөн. Factcheck.kz сайты ер мен әйел теңдігі, олардың табысы мен іскерлік мүмкіндіктері туралы мифтерді бір материалға тоғыстыруға тырысты. Ендеше, кеттік. Оқып, бағаңызды беріңіз.

Пікір: Қазақстандағы әйелдер мен ерлер бір жұмыс істесе де, оларға әртүрлі жалақы төленеді

Үкім: Шындық

Ұлттық статистика бюросының «2020 жылға арналған Қазақстан Республикасы экономикалық қызметінің жекелеген түрлеріндегі жұмысшылар кәсібі (лауазымы) бойынша жалақысы» бюллетенінде келтірілген ақпарат бойынша, барлық дерлік қызмет саласында (өте сирек жағдайларды қоспағанда) әйелдер ер адамдардан аз алады.

Қазақстандағы ер мен әйел табысы, карьера мүмкіндіктері туралы мифтер

Бюллетеньде орташа айлық номинал жалақы көрсетілген. Ол есептелген еңбекақы мөлшерін қызметкерлердің нақты санына бөлу арқылы анықталады.

Ерекшеліктерге келер болсақ, бюллетеньді мұқият қарап шықсаңыз, ондай табылады. “Мұнай өңдеу өнімдерін, шымтезек пен көмірден брикеттер өндіру” саласынан сорғы қондырғыларының әйел машинисі орта есеппен 481 700 теңге алады, ал сол позициядағы ер адамға 223 700 теңге беріледі. Қоймашы әйел – 123 228 т., қоймашы ерлер – 89 600 т. Әйел наубайхана шеберлері ерлерге қарағанда 10 есе көп алады (737 мың т. – 70 мың т.), құрылыс саласындағы слесарь әйелдер, геологтар, судьялар да ер адамдардан көп алады, ал әйел полицейлер керісінше, аз алады.

Ұлттық статистика бюросы мәліметі бойынша, Қазақстанда жыныс бойынша жалақы айырмасы – 32,2%.

Пікір: Қазақстандағы гендерлік айырмашылықты Еуропадағымен бірдей деуге болады

Үкім: Шындық

Қазақстанның осы мәселедегі жағдайын басқа елдер аясында бағалау үшін Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық гендерлік алшақтық туралы жыл сайынғы баяндамасын қараймыз. Өкінішке қарай, 2006 жылмен салыстырғанда Қазақстан рейтингіде “өсіп”, 32-ден 72-орынға ығысқан (2006 жылы – 0,693, 2020 жылы – 0,710). Айта кету керек, 2006 жылы зерттеуге 130 ел, ал былтыр 153 ел қатысты. 2018 жылмен салыстырғанда біз 12-орынға “құладық”, 0,002 ұпай жоғалттық. Бірақ, жалпы алғанда, 153 ел ішінде 72-орын алып, ортасында тұрмыз.

Қазақстандағы ер мен әйел табысы, карьера мүмкіндіктері туралы мифтер

Енді толығырақ…

Рейтинг төрт негізгі параметрді бағалауға негізделген:

  • Әйелдердің экономикаға қатысуы және сол елдің экономикалық мүмкіндіктері.
  • Әйелдердің білім деңгейі және елдегі білімнің қол жетімдігі.
  • Билік құрылымдарындағы өкілдік контекстіндегі саяси мүмкіндіктер.
  • Денсаулық сақтау, өмір сүру ұзақтығы.

Жалпы рейтингіде біз кейбір еуропалық елден озғанымызды айтып өткен жөн: мысалы, Италия, Чехия, Венгрия, Грекия, Түркия. Сондай-ақ, кейбір көрші елден – Ресейден, Армениядан, Грузиядан және Әзербайжаннан озып тұрмыз.

Қазақстандағы ер мен әйел табысы, карьера мүмкіндіктері туралы мифтер

Белгілі бір параметрлер бойынша бізге «жақын» (немесе бізден нашар) Еуропа елдері бар ма? – Әрине, бар. Бұл тіпті алғашқы ондыққа кіретін елдерге қатысты:

Қазақстандағы ер мен әйел табысы, карьера мүмкіндіктері туралы мифтер
  • Мысалы, денсаулық сақтау саласы мен өмір сүру ұзақтығы бойынша Исландия 123-орында тұр, біз 74-орындамыз, Ирландия да бізден осы параметр бойынша (113) және әйелдердің экономикаға қатысуы саласында қалып отыр (43-орын, Қазақстан 37-ші орында).
  • Ондыққа енген елдердің көпшілігі бізден денсаулық сақтау мен өмір сүру ұзақтығын бағалаудағы гендерлік алшақтық тұрғысынан төмен тұрады (туған кездегі өмір сүру ұзақтығы көрсеткіштерімен шатастырмаңыз, бұл Еуропада Қазақстанға қарағанда жоғары). Бұл Испанияға (бұл көрсеткіште 83-орын), Францияға (78), Швецияға (117), Швейцарияға (110), Германияға (86), Норвегияға (95) және Данияға (101) қатысты.
  • Ал экономикаға белсенді қатысу бойынша біз Германиядан (бұл көрсеткіш бойынша 48-ші орын), Даниядан (41), Испаниядан (72), Франциядан (65) және жоғарыда аталған Ирландиядан қалып отырмыз. Швейцарияда әйелдердің экономикалық белсенділігі салыстырмалы деңгейі (34), ал әйелдер білімі мен білімге қол жетімдігі бойынша ол Қазақстаннан (63) артта келеді (77).

Пікір: Әйелдер арасында жұмыссыздық деңгейі ер адамдарға қарағанда жоғары

Үкім: Шындық

Жалпы, елде әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі ерлерге қарағанда жоғары. Бұл жөнінде статистика мәлімдейді. Жұмыс берушілер кімге (ерлерге немесе әйелдерге) және қандай себеп бойынша артықшылық беретінін білу, оны ашық дереккөздерге қарап бағалау мүмкін емес.

Қазақстандағы ер мен әйел табысы, карьера мүмкіндіктері туралы мифтер

Дереккөз

Сонымен қатар, ерлер мен әйелдер арасындағы жұмыссыздықтың сандық қана емес, сапалық айырмашылықтары да бар, – деп Ekonomist.kz бұл туралы толығырақ жазады.

Пікір: Қазақстандағы ер адамдар карьерасын әйелдерге қарағанда ерте бастайды

Үкім: Шындық

Бірақ біз бұл мәлімдемені одан да нақтырақ етіп өзгертер едік: Қазақстандағы ерлер карьера жасауда әйелдерге қарағанда едәуір табысқа жетеді. Бұл факторлардың бірі, мүмкін, карьераның жылдам өсуі шығар. Бұл түсініктеме жанама болса да, өте қарапайым. Ерлердің көбі ертерек жұмыс істей бастайды. Тағы да отандық статистиканы қарайық: мысалы, 15-24 жас аралығындағы жігіттердің жұмыспен қамтылу деңгейі – 73%, ал сол жастағы қыздардың жұмыспен қамтылу деңгейі – 61,2%. Осы уақытқа дейін елдегі ер басшылар үлесі әйелдердікінен орта есеппен 14% жоғары. Басшылық қызметтердегі әйелдер үлесі – 43%, ал ерлер үлесі, тиісінше – 57%.

Қазақстандағы ер мен әйел табысы, карьера мүмкіндіктері туралы мифтер

Бірақ бұл басшылар туралы әңгіме – жағдайдың бір жағы ғана. Меншік қатынасы жағдайды дәлірек көрсетеді. Жоғарыда аталған Дүниежүзілік экономикалық форум баяндамасында Қазақстанда акциялардың көп бөлігі әйелдерге тиесілі компаниялар үлесі – 16,4% (және әйелдер менеджменті бар компаниялар үлесі – 18,9%).

Пікір: Әйелдерге тән және еркектерге көбірек арналған кәсіптер бар

Үкім: Шындық

Қазір стереотиптер барған сайын азайып келеді. Ер адамдар бұрын тек әйелдер айналысқан маникюр шебері сияқты кәсіптерімен айналысады, ал әйелдер ерлердің кәсіби әлеміне араласып, мысалы, темір ұстасы немесе алысқа қатынайтын жүргізуші болып жүр. Дегенмен “Қазақстан Республикасының экономикалық қызметі жекелеген түрлеріндегі кәсіптер (лауазымдар) бойынша қызметкерлердің 2020 жылдағы жалақысы” құжатын мұқият зерделейтін болсақ, онда ер адамдар жалпы бейіндегі хатшы лауазымына зауқы соқпай баратыны байқалады. Экономиканың отыздан астам саласында ер хатшылар жоқ деуге болады.

Қазақстандағы ер мен әйел табысы, карьера мүмкіндіктері туралы мифтер

Есесіне ер сауыншылар бар, олар орташа есеппен 74 мың теңге алады, ал осы жұмысты істейтін әйелдер – 118 мың теңге.

Пікір: Қазақстанда әйелдерге ресми түрде тыйым салынған мамандықтар бар

Үкім: Шындық

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы бойынша, әйелдер еңбегін пайдалануды шектейтін мамандықтар бар, олардың саны, шамамен – 212. Олардың барлығы қауіпті және/немесе зиян өндіріспен және/немесе физикалық ауыр жұмыстармен байланысты. Ал тыйым салу әйелдердің денсаулығы мен ана болу мәселесіне байланысты.

Мысалы, тізімде мынадай мамандықтар бар: биікте жұмыс істейтін байланыс монтажшысы-антенна жасаушы, пештер мен қазандық оттықтарын ыстықтай жөндеумен айналысатын отқа төтеп беруші, өнеркәсіптік темірбетон құбырлардың құбыр салушысы, қорғасын дәнекерлеуші, өнеркәсіптік кірпіш құбырларының құбыр салушысы. 2018 жылға дейін тізімде 287 мамандық болды. Норма қайта қаралып, енді қазақстандық әйелдер, мысалы ұсталық-пресс жұмыстарымен айналыса алады.

Пікір: Экономиканың жоғары ақы төленетін саласында негізінен ер адамдар істейді

Үкім: Шындық

Ресми статистика және тәуелсіз дереккөздер бойынша, тау-кен саласы Қазақстандағы ең жоғары ақы төленетін сала болып саналады. 2019 жылы бұл салада 227,1 мың ер адам және 52,8 мың әйел жұмыс істеген. Тау-кен өнеркәсібіндегі орташа жалақы – 482 252 теңге, шикі мұнай мен газ өндірісі саласындағы жалақы – 805 984 теңге, ал көмір өндірісі саласындағы жалақы – 281 153 теңге.

Пікір: Қазақстандағы бизнес әйелдікі және ердікі деп бөлінеді

Үкім: Манипуляция

Мұнда өлшенетін деректер жоқ. Сондықтан эксперт пікіріне сүйенеміз. Еуропалық қайта құру және даму банкінің “ШОБ қаржыландыру және дамыту” бағдарламасы ұлттық менеджері Алма Қасымова мәлімдегендей, ” … “әйелдер” бизнесі деген жоқ. Оған тән нарықтық кедергілер де жоқ. Кәсіпкер деген бар. Қалғанының бәрі – қоғам мифтері мен өз мақсаты үшін пайдаланылатын әңгіме…

“…Адам бизнеспен айналысуға бет бұрғанда оның ер немесе әйел екені роль атқармайды. Ол – үлкен қатерді, барлық жауапкершілікті мойнына алудан қорықпайтын көшбасшы және интегратор”.

Алма Қасымова әйелге бизнеспен айналысу қиынға соғатынын да айтты, өйткені оған қосымша тұрмысты жүргізу, балаларды тәрбиелеу және т.б. шаруа атқаруы қажет. Бұл оның ұтқырлығын, динамикалығын және өмірдің белгілі бір кезеңдеріндегі бәсекеге қабілеттігін төмендетеді.

Сонымен қатар, Қасымова былай дейді: “бізде әдеттегі емес және бәсекеге қабілетті бизнесті табысты басқаратын кәсіпкер әйелдер өте көп. Біздің клиенттеріміз – Қарағандыда газ құбыры желілерін салатын, Павлодарда гофротара өндіретін, Алматыда әктас пен цемент өндіретін, Павлодардың ірі ойыншыларын мұнай өнімдерімен қамтамасыз ететін, Қостанайда асыл тұқымды жылқы зауытын басқаратын, Нұр-Сұлтанда тас өңдеу компаниясын басқаратын әйелдер…»

Пікір: Ер адам – отбасындағы басты асыраушы

Үкім: Үкім жоқ

Өйткені дүниетаным — жеке іс, бір жақты үкім шығармай-ақ қойғанымыз дұрыс. Бұл тұрғыда стереотиптер көп, стереотиптер бұзылған жағдайлар, оның ішінде патриархал болып көрінетін қоғамдарда да олардың жойылатыны бар. Сондықтан оқырмандардың назарын үй шаруашылығындағы гендер мен қаржылық билік саласындағы тұжырымдамалық көзқарас тақырыбындағы заманауи зерттеулерге аударамыз. Мұнда ойланатын нәрсе бар. Қысқаша айтқанда, жалпы алғанда, мысалы, Ресей Федерациясында қаржыны бірлесіп басқару (ақшаны күйеуі мен әйелі тапқан кезде) отбасындағы ерлі-зайыптылардың жалпы үстемдігін білдірмейді:

Мысалы, деректер көрсеткендей, жалпы пул жүйесін таңдаған респонденттердің тек 41%-і және жартылай пулды жақтаушыларының 45%-і оларды ерімен (зайыбымен) тең дәрежеде отбасы басшысы деп атауға болатынын, ал бұл отбасылардағы ерлер мен әйелдердің жартысы күйеудің басымдығын мойындайды. Бюджетті басқаруда әйел ролі басым отбасыларда да әйелдердің үштен бірі күйеуін отбасының басшысы санайды, ал ерлердің 60%-і бұл пікірді растайды. 2013 жылы 92 отбасында (ерлі — зайыптылардың әрқайсысымен жеке) жүргізілген терең сұхбаттарға алдын ала талдау бойынша, қымбат нәрсе сатып алу, ұзақмерзімді қаржылық жоспар (оның ішінде кредит мен жинақ бар) туралы сөз болғанда, эгалитар принциптері артта қалады, мұндай жағдайда күйеу сөзі маңызды. Д. Ибрагимова, 2016 жыл, “Экономика жоғары мектебі”. “Қаржы, гендер, үйдегі билік: тұжырымдамалық тәсілдер”.

Жалпы, уақыт өте келе (сауалнамаға қарағанда) отбасында кім асыраушы деген пікір көп өзгермейді. 2017 жылы ВЦИОМ жүргізген сауалнама бойынша, респонденттердің 54%-і отбасын материалдық жағынан қамтамасыз ету ерлерге артылатын жауапкершілік санады, 43%-і ері мен әйелі жұмыс істеуі керек (отбасына табыс әкелуі керек) деді, 2019 жылы бұл көрсеткіштер 53% және 36% болды. 2021 жылы – 59% және 35%.

Респонденттердің пікірінше, «нағыз ер адамның» басты міндеті – отбасын сақтау, оның өміріне араласу және оған қамқорлық жасау (18%). Ер адам қорғаушы (8%), дұрыс және арыс адам болуы керек (8%), жауапкершілігі болу керек (5%, көбінесе әйелдер осылай деп санайды – 8%). Сондай-ақ, ер адам сыпайы болуы керек, ағаш отырғызуды және үй салуды ұмытпауы қажет, сөзі мен ісіне жауап бере алуға тиіс (әрқайсы 4%-тен).

Ескерту: біз ресейлік зерттеулерді екі себепке байланысты алдық: біріншіден, осы тақырып бойынша отандық сауалнамалардың болмауы, екіншіден, менталитеттің айқын ұқсастығы.

Пікір: Әйел (ер адамға қарағанда) жұмыста және қоғамда көшбасшылық позицияны алу үшін көп күш салуы керек.

Үкім: Үкім жоқ

Бұл жерде де үкім шығармаймыз, өйткені карьера жасау ісінде күш-жігерді және әйелдің өзінің гендер роліне қатысты стереотипті қалай қабылдайтынын өлшей алмаймыз. Барлығы өте жеке қарастырылады. Бұл пікірді шындық деп санауға көп негіз бар, өйткені Қазақстандағы әйел көп жағдайда үй шаруашылығымен және бала тәрбиесімен айналысады.

«Отбасына аз уақыт бөлініп қалады деген қорқыныш және «жаман әйел немесе нашар ана атану» қорқынышы әйелдердің жоғары лауазымға немесе үлкен жобаға келісуіне кедергі болады, мұндайда қаржы маңызды болмай қалады», – дейді сарапшы.

Қазақстандағы ер мен әйел табысы, карьера мүмкіндіктері туралы мифтер

Қазақстанда әйел басшылар ерлерге қарағанда аз екені анық. Бірақ 14%-тік алшақтық (жоғарыдан қараңыз) өте маңызды болып көрінбейді. Саясатпен айналысатын әйелдердің үлесі туралы бұлай дей алмас едік. Мысалы, саяси қызметте 49 әйел мен 650 ер адам болса, орталық биліктегі ерлер мен әйелдер саны сәйкесінше – 340 және 41.

Қорытынды

  • Әзірше Қазақстанда жалақы теңсіздігі бар.
  • Ел гендерлік алшақтықтағы рейтингінің нашарлауына бейім. Бірақ бұл ішінара рейтингтегі елдер саны артуымен байланысты.
  • Статистика көрсеткендей, ерлер карьераны табысты жасайды.
  • Жалпы алғанда, әзірше қоғам отбасын қамтамасыз ету тұрғысынан әйел мен ер адамның ролі туралы дәстүрлі тұжырымдамаға бейім.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz