Қазақстанда жала жабудың жазасы Батыстағыдай қатал емес екені рас па?

Total.kz жаңалық порталының 26 тамызда Қостанайдың «Наша газета» апталығына сілтеме жасап жариялаған материалында мәжіліс депутаты Артур Платонов басқа мәселелермен бірге Нұрсұлтан Назарбаевтың жала жабудың жазасын қатаңдату бастамасына көзқарасы туралы сұраққа жауап берді.

Қазақстанда заңнама Батыс Еуропа елдеріне немесе АҚШ-қа қарағанда әлдеқайда либерал…

Артур Платонов

Сонымен бірге Платоновтың «жала жабу» контексінде Жаңа Зеландиядағы теракті видеосын таратқандарға қатысты жазаны мысалға келтіргені де назарымызды аударды.

Министр Абаевтың осы туралы өтірігі әшкереленгеннен кейін біз Платонов мырзаның «Наша газета» мен Total.kz-те жарияланған мәлімдемесін тексеруді ұйғардық.

Тұжырым: Қазақстанда жала жабуды жазалау контексінде заңнама Батыс Еуропа елдері (спикер әсіресе Испания мен Швецияны атайды – Ред.) мен АҚШ-қа қарағанда анағұрлым либерал.

Үкім: Манипуляция

Тұтас алғанда Батыс Еуропа елдерінде де, тіпті АҚШ-та да мұндай жазаға қатысты жағдай бірдей емес (АҚШ-та федерация деңгейінде бұл үшін қылмыстық қудалау да, бостандықты шектеу жазасы да қарастырылмаған, дегенмен кейбір штатта қылмыстық жауапкершілік бар). Бұған қоса, Батыс Еуропа елдерінде жала жабуды қылмыс деп танымауға талпыныс байқалып отыр. Оның себебі мынада…

Контекст: Еуропа дискурсы

Жағдайды ЕҚЫҰ-ның 2017 жылғы «Диффамация және қорлау туралы ЕҚЫҰ аймағындағы заңдар: Салыстырмалы зерттеу. (ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілінің тапсырысы бойынша)» аталатын құжаты толық сипаттап береді. Талдаудың алғашқы сөйлемінен-ақ оның пікір білдіру еркіндігіне қатысты қолданыстағы заңдардың жай-күйін ашып көрсетуді мақсат еткенін түсінуге болады.

Құжатта «Ұсынылған мәлімет ақпарат және зерттеу мақсатына ғана арналған, ол қандай жағдайда да заң бойынша кеңес немесе пікір ретінде қолданыла алмайды» делінсе де, онда мына нәрсе айтылған:

Адам құқықтары жөніндегі еуропалық және халықаралық органдар, соның ішінде… адам құқықтарын қорғау саласында мандаты бар мемлекетаралық ұйымдар диффамация (біреуді қаралайтын мәліметті жариялау) туралы істерге қылмыстық санкцияны енгізуді сынға алды. Сын азаматтық-құқықтық шараларға қарағанда қылмыстық санкциялар көп жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары мен кең мағынадағы пікір білдіру еркіндігін тежеуге ықпал ететініне қатысты… Баспасөз еркіндігі үшін күресетін ұйымдардың мониторингі жала жабуды қылмыс деп қарастыру жаһан деңгейінде журналистерге қарсы істердің қозғалуына себеп болатынын көрсетіп отыр, мұндай істер журналистердің тексеруіне немесе комментарийіне қарсы әрекет ретінде қозғалады.

Маңызды жайттар

Осы құжатта мына нәрсе де айтылған: «ЕҚЫҰ-ға қатысушы 9 мемлекеттің көпке танымал, ресми тұлғаға қатысты диффамация үшін қатаң жаза қолдануы – халықаралық стандарттарды бұзу. Бұл мемлекеттердің түгелге жуығы Батыс Еуропада орналасқан. Тағы 15 мемлекет лауазымды тұлғаларға олардың қызмет міндеттемелерін орындауына қатысты қорлаудың түрлі формасы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырады». (7-бет).

Қоғамдық бақылау мен есептіліктің демократиялық қағидаларына анық қайшы болса да, ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің жартысына жуығы мемлекет басшысының беделі мен ар-намысын айрықша қорғайды. Жала жабу мен қорлаудың жазасы бұл кезде басқа жағдайларға қарағанда әлдеқайда ауырлау болады, мұндай тәжірибе әсіресе Батыс және Солтүстік Еуропа мен Орталық Азия елдерінде бар. Түркия президентті сынаған журналистер мен қарапайым азаматтарға қылмыстық құқықты қолдану тәжірибесімен ерекшеленеді».

Диффамация және қорлау туралы ЕҚЫҰ аймағындағы заңдар: Салыстырмалы зерттеу (5-бет).

Ескерту: біздің Қылмыстық кодексте жала жабу мен қорлауға мынадай жаза қарастырылған:

  • 130- және 131-баптар;
  • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін – Елбасын көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қолсұғушылық, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының бейнесін бүлдіру, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының заңды қызметіне кедергі жасау – 313-бап.

Бұған қоса, мынадай баптар бар:

  • 376. Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының абыройы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау;
  • 378. Билік өкілін қорлау.

Нақтылық

ЕҚЫҰ-ға қатысушы түрлі елдегі жағдайды мына кесте көп сөзсіз салыстырып береді:

Қазақстанда жала жабудың жазасы Батыстағыдай қатал емес екені рас па?

­­­­­­Бағандардың мазмұны: 1. Жала жабу мен қорлауға берілген қылмыс статусы (яғни Қылмыстық кодексте баптар мен тиісті жазаның қарастырылуы).

2. Диффамация (жала жабу) және қорлау туралы заң бойынша мемлекеттік қызметшілерді кеңейтілген қорғау.

3. Лауазымды тұлғаларды қорлауға қатысты арнайы заң (ҚК арнайы бабы).

4. Мемлекет басшысына жала жабу әрекетіне берілген қылмыс статусы.

5. Мемлекетке қатысты диффамацияға берілген қылмыс статусы (мемлекет рәміздерін қорлау (аяққа таптау) туралы заңдардан басқа).

6. Мемлекеттік органдарға/мемлекеттік мекемелерге қатысты диффамацияға берілген қылмыс статусы.

7. Шет мемлекет басшыларына қатысты диффамацияға берілген қылмыс статусы (мемлекет рәміздері туралы тиісті заңдардан басқа).

8. Шет мемлекеттерге қатысты диффамацияға берілген қылмыс статусы.

9. Құдайға тіл тигізуге берілген қылмыс статусы.

Белгілердің мағынасы (қызыл түс): Нормалар базасындағы заң статусы (1); қолданылу деңгейі анық емес ұқсас заңнама нормасының болуы (2); қолданылуы мүмкін санкция ретінде бас бостандығынан айыру үкімін (кастодиан жазасы, яғни шотқа тыйым салу, қамауға алу және басқа) қарастыру (3).


*** Бұл жерде Қазақстан заңнамасында диффамацияның нақты анықтамасы жоқ екенін, яғни ондай мәлімет жала жабу (көпе-көрінеу жалған мәліметті қасақана тарату) болмауы, тіпті рас болуы да мүмкін екенін есте ұстау керек.

Жала жабу мен қорлауға қатысты Қазақстандағы заңдармен салыстыруға келетін немесе одан да қатаң заңдар Бельгияда, Данияда, Германияда, Грекияда, Монакода, Нидерландыда, Польшада және Португалияда бар.

Швеция мен Испанияға келсек, бұл елдерде жала жабу мен қорлаудың әр түрі үшін кастодиан жазасын (клиенттің құнды қағазы мен қаржы активтерін сақтауға қатысты жаза) қолдануға Қазақстанға қарағанда мүмкіндік аз.

АҚШ-та жала жабу федерация деңгейінде қылмыстық құқықбұзушылық ретінде қарастырылмайды (мұндай істер азаматтық-құқықтық қатынастармен реттеледі), бірақ жоғарыда аталған құжатта елдің 15 штаты диффамация үшін қылмыстық жазаның кейбір формасын сақтағаны көрсетілген, олар: Флорида, Иллинойс, Айдахо, Луизиана, Мичиган, Монтана, Нью-Гэмпшир, Нью-Мексико, Солтүстік Каролина, Солтүстік Дакота, Оклахома, Юта, Виргиния, Висконсин және Америка Виргин аралдары. 

Тұжырым: Жаңа Зеландиядағы жантүршігерлік терактіден соң оның видеосын жария еткен автор тергеліп, оған 4 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін болды (жала жабу контексінде).

Үкім: Манипуляция

Бұл мысалдың жала жабу тақырыбына қатысы жоқ және факті ретінде нақты емес. Шабуыл орнынан жасалған тікелей эфирді репосттағаны үшін террориске жала жабу бойынша айып тағылған жоқ, айып басқа заңдар мен актілер бойынша тағылды.

Дегенмен терактіден соң Facebook пен YouTube өз платформаларынан террористің стрим-каналынан тараған видеоны өшіріп тастауға мәжбүр болды, контентті таратқан бірнеше адам сот алдында жауап берді:

  • 18 жастағы жасөспірімге әуелі «нәсілдік, этникалық немесе ұлттық ерекшелігі бойынша адамдар тобына қатысты алауыздық туғызу немесе қастық жасау мақсатында намысқа тиетін материалдар жариялады» деген айып тағылды (28 жылға дейін жаза берілуі мүмкін болды). Кейін бұл айып алынып, шабуыл жасалған мешіттердің бірінен стрим-видео мен «мақсат орындалды» деген жазбасы бар фото және зорлыққа үндейтін хабарлама таратқаны үшін жаңа айып тағылды (14 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін).
  • Жаңа Зеландияның 44 жастағы тұрғыны Филипп Арпсқа видео таратқаны үшін «Фильмдерді, видеолар мен жарияланымдарды жіктеу туралы заң» бойынша айып тағылды (14 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін болды, бірақ кейін 21 айға сотталды).
  • Рұқсат етілмеген видеоны таратқаны үшін Данидиннің 23 жастағы тұрғыны да жауапқа тартылды.
  • Аделаида тұрғыны Чад Винзельберг әлеуметтік желіде терактіні қолдайтын комментарий жазғаны үшін интернеттен ажыратылып, кепілзат бергеннен кейін желтоқсан айына дейін босатылды, желтоқсанда қайтадан сотта жауап береді.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz