Қазақстанда WhatsApp, Signal және Telegram желісі бұғатталды

Қазақстанның бірнеше қаласында наразылық ұластаған тұста Telegram, WhatsApp және Signal желісі бұғатталды. Бұғаттау 4 қаңтарда шамамен кешкі 22:00-де болды.

Мессенджерлер елде 2 қаңтардан бері болып жатқан митиң тұсында бұғатталды. Ал Қазақстанның оңтүстік астанасы Алматыда мобилді интернет толықтай қолжетімсіз. Сонымен қатар, байланысқа шығу мүмкіндігі әлсіреді.

Қазақстандағы ұялы байланыс операторы Kcell өкілі Factcheck.kz бас редакторы Думан Смақовтың Facebook парақшасындағы сұруына былай жауап берді.

ҚР «Байланыс туралы» заңының 41-1-бабының 1-2-тармағына сәйкес қазіргі уақытта ҚР құзыретті органдары терроризмге қарсы және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін желілер мен байланыс қызметінің жұмысын тоқтату шарасын қабылдап жатыр. Бұл мәселе қашан шешілетіні белгісіз. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!

Kcell өкілі

2 қаңтарда Қазақстанның батысындағы Жаңаөзен қаласында тұрғындар газдың екі есе қымбаттауына қарсы шыққан. Наразылықты Қазақстанның өзге өңірлері қолдады. Кейінгі екі күнде Қазақстан қалаларында полиция күзеті күшейіп, белсенділер мен ақпарат құралдарын ұстау жиіледі.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz