Қазақстанда LinkedIn бұғатталды

Қазақстанда LinkedIn әлеуметтік желісіне құмар ойын мен жалған ақпаратты жарнама жасағаны үшін шектеу қойылды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің хабарлауынша, интернет-казино және фейк аккаунтқа жарнама жасау Қазақстан заңнамасы мен желі ережесіне қайшы келеді. Осыған байланысты министрлік мұндай материалдарды өшіру туралы хабарлама жіберген. Алайда желі әкімшілігі бұл талапты орындамаған.

Министрлік ҚР заңнамасының талаптарын сақтау мәселесінде әрқашан сындарлы диалог құру және интернет ресурс әкімшілігімен ынтымақтастық орнату ұстанымын ұстанады.

Министрлік хабарламасы

Министрлік заң ережелері орындалса LinkedIn желісі қайтадан қолжетімді болатынын ескертті.

Контекст

LinkedIn желісі 2016 жылы Ресейде жеке деректі сақтау ережелерін бұзғаны үшін бұғатталған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz