Қазақстанда алғаш рет мектеп бағдарламасына медиасауат пәні енгізілуі мүмкін

Қазақстандағы медиасауат бойынша алғашқы оқу құралын мемлекеттік комиссия мақұлдап, білім беру мекемелерінде пайдалануға ұсынды. Оқу-әдістемелік кешенді Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Internews ұйымы іске асыратын «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығы» ҚҚ дайындады. Бұл туралы Factcheck.kz сайты хабарлады.

«ҚР БҒМ жанындағы «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының талдауына сәйкес медиа және ақпараттық сауат бойынша оқу және әдістемелік құрал Қазақстандағы білім беру мекемелерінде пайдалануға ұсынылды. «Оқу құралының мазмұны медиажүйе мен медиа саласы туралы заманауи ғылыми ұғымдарға сай келеді», – делінген «Оқулық» орталығының ресми тұжырымдамасында.

Қазақстанда алғаш рет мектеп бағдарламасына медиасауат пәні енгізілуі мүмкін

Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Украина мен Литва елдерінің сарапшыларынан құралған топ 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған оқу құралын және қазақ және орыс тілдерінде мектеп мұғалімдеріне арналған әдістемелік құралды жасады.

Оқушылар медиасауат ұғымын үйреніп, сыни ойлау, фейк пен манипуляцияны ажырата білу, сондай-ақ интернетті қауіпсіз пайдалану қабілеттерін игереді.

Оқу құралының авторлары:

  • Павел Банников, Factcheck.kz сайтының бас редакторы (Қазақстан);
  • Иван Печищев, Перм мемлекеттік университетінің профессоры, медиатренер, сыни ойлау курсының авторы (Ресей);
  • Александр Гороховский, БезБрехнi фактчекинг ресурсының негізін қалаушы, сертификатталған тренер және медиасауат пен фактчекинг бойынша кітап пен курстар авторы (Украина);
  • Таша Соколова, «Монитор» жобасының авторы және редакторы, медиатренер (Ресей);
  • Дмитрий Шишкин, медиасарапшы, тренер, жазушы (Қазақстан);
  • Дайнюс Радзявичус, Литва Журналистер одағының мүшесі, ОБСЕ сарапшысы, Литваның Баспагерлер мен журналистерге арналған әдеп кодексінің авторларының бірі (Литва);
  • Айчурек Усупбаева, бағдарламалық директор, БАҚ-ты қолдау орталығының сарапшысы (Қырғызстан).

Контекст

  • 2021 жылдың 1 маусымында Internews және MediaNet өкілдері ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовпен кездесіп, мектеп бағдарламасына медиа және ақпараттық сауатты енгізу мәселесін талқылады.
  • ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова «Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы жалпы білім беретін мектептердегі медиасауатты ары қарай дамыту стратегиясын талқылайтынын» хабарлады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz