Қазақстан ТМД-да зорлау бойынша бірінші ме?

Еуразия телеарнасы “Қазақстан ТМД елдері арасында, зорлау деңгейі бойынша көш бастап тұр” деген хабар таратты. Factcheck.kz ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатынын тексерді.

Қазақстан ТМД-да зорлау бойынша бірінші ме?
Еуразия телеарнасы таратқан ақпарат

Зорлық саны бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында 1-орында! Бұл қорқынышты мәлімет туралы Дүниежүзілік халықты зерттеу порталы жазды.

Еуразия телеарнасы

Үкім: Жалған

ТМД елдері Бас прокурорлар кеңесінің дерегіне сай, нақ зорлау саны бойынша Ресей көш бастап тұр. Бұл көрсеткіште еліміз екінші орынға жайғасқан. Бірақ Ресейде адам саны Қазақстаннан әлдеқайда көп екенін ескеріп, 100 мың адамға шаққандағы зорлық көрсеткішін есептесек, еліміз ТМД елдері арасында екінші орында екенін көреміз.

Біз осы мәселеге қатысты былтыр кеңінен тарқатып, талдау жасадық. Ол кезде Қазақстан зорлық көрсеткіші бойынша алда болғаны рас. Алайда жаңарған деректерге тағы бір көз жүгіртсек, алғашқы орынға Молдова көтерілгенін байқауға болады. Толығырық төменнен оқыңыз.

Бірақ…

Жоғарыда келтірген Қазақстан деректері одан да көп болуы мүмкін. Себебі, былтыр 1050 қылмыс тек ҚҚ-тің 120-бабы (“Зорлау”) бойынша тіркелген. Алайда ҚҚ-тің 121-бабында (“Нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері”) 362 қылмыс тіркелді. Тиісінше, Қазақстандағы 100 мың адамға шаққандағы зорлық көрсеткіші 7,49– ға өседі.

Өткен жылдың 11 айында ҚҚ-тің 120-бап бойынша 642, ҚҚ-тің 121-бап бойынша 285 қылмыс тіркелген.

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz