Қазақстан мұнайды БАӘ-нен көп өндіре ме?

Желдіде Қазақстан Біріккен Араб Әмірлігін мұнай өндіруден басып озғаны туралы ақпарат тарады. Акцент екі ел арасындағы өмір сүру сапасына жасалған. Бұл бұрыннан елді толғандырып келе жатқан тақырып болғандықтан оқырмандардың сұрауы бойынша Factcheck.kz осы ақпараттың рас-өтірігін тексеріп көруді жөн көрді.

Қазақстан мұнайды БАӘ-нен көп өндіре ме?

Үкім: Манипуляция

ОПЕК елдері жүргізетін “Annual Statistical Bulletin” дерегіне сенсек, Қазақстан мұнай өндіру бойынша БАӘ-гін басып озбаған. Статистикаға сай, БАӘ күніне 2017 жылы 2 967 мың баррель, 2018 жылы 3 008 мың баррель, 2019 жылы 3058 мың баррель мұнай өндірген. Ал Қазақстан дәл сол жылдары күніне 1 467, 1 547, 1 550 мың баррель мұнай өндірген.

BP трансұлттық мұнай-газ компаниясының жүргізетін “Statistical Review of World Energy“атты жылдық есебінде БАӘ 2017 жылы 176,2 млн тонна, 2018 жылы 176,7 млн тонна, 2019 жылы 180,2 млн тонна мұнай өндірген. Ал біздегі Статистика комитетіндегі дерекке сай Қазақстанда 2017 жылы 86,1 млн тонна мұнай өндірілген. 2018 жылы 90,3 млн тонна, 2019 жылы 90,5 млн тонна өндірілгені жазылған.

Биыл ОПЕК+ шешіміне қатысты мұнай өндіру 85,2 млн тоннаға қысқарады деп жоспарланып отыр.

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz