Қазақстан мен Армения арасындағы сауда айналымы туралы мәлімдемелерге фактчек

14 сәуірде кезекті пленарлық отырыс кезінде депутаттар Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановпен диалог барысында Қазақстан мен Армения арасындағы сауда айналымы туралы бірқатар қызықты мәлімдеме жасады. Төменде біз оларды тексеріп шықтық.

Естеріңізге сала кетейік, министрлік басшысы Армения мен Қырғызстан үшін ЕАЭО бірыңғай кедендік тарифтерін толық енгізгенге дейін өтпелі кезеңді ұзартуға қатысты заң жобаларына қатысты сөз сөйледі. Мәжіліс заң жобаларын мақұлдады.

Сіздің министрліктің мәліметі бойынша, 2020 жылы Қазақстан мен Армения арасындағы сауда айналымы 15 млн АҚШ долларына жетті. Бұл 2019 жылғы көрсеткішке қарағанда 30%-ға артық.

Айгүл Нұркина

Үкім: Шындық

Ұлттық статистика бюросының алдын ала дерегі бойынша, шынында, 2020 жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 15038622 АҚШ долларын құраған. 2019 жылы 11501400 болды. Осылайша, өсім 30% шамасында болады.

Былтыр Еуразиялық экономикалық одақ ішінде біздің жалпы сауда айналымымыз 2%-ға төмендегенімен, дәл Арменияға қатысты артқан екен. 30% өсімнің ішінде экспорт көлемі 66%-ға, ал импорт тек 8%-ға көбейген. Былтыр экспорт пен импорттың айырмашылығы 2,7 млн доллар болса, биыл – 0,4 млн долларды көрсетіп тұр.

Бақыт Сұлтанов

Үкім: Шындық және техникалық қателік

Шын мәнінде Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда айналымы 2020 жылы одан алдыңғы жылмен салыстырғанда шамамен 9,2%-ға төмендеген: 2019 жылы 21,7 млрд болған, 2020-да – 9,7 млрд болды. Сондай-ақ жоғарыда айтып өткендей, екі ел арасындағы сауда айналымы 30%-ға, импорт 8,8%-ға, ал экспорт 66%-ға өсті.

Қазақстан мен Армения арасындағы сауда айналымы туралы мәлімдемелерге фактчек
Дереккөз: Ұлттық статистика бюросы

2020 жылғы импорт пен экспорттың  айырмашылығына келер болсақ, алдын ала дерек бойынша, ол 365 мың доллардан асқан (дөңгелектеп алғанда – 0,4 млн), импорт көбірек.

2019 жылы Арменияға шығарылатын экспорт 4420602 доллар, ал импорт 7080800 болған, айырмашылық – 2,7 млн.

Қазақстанның Армения Республикасына экспорты 2019 жылы 4,4 млн АҚШ долларынан 2020 жылы 7,3 млн АҚШ долларына артқан.

Екатерина Смышляева

Үкім: Шындық

Жоғарыдан қараңыз, шынында, 2020 жылы экспорт 7,337 млн болса, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш – 4,42 млн АҚШ долларын құраған.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz