Қазақстан климаттың өзгеруі рейтиңінде соңғы орында ма?

8 қарашада өткен Мәжілістің пленарлы отырысында депутат Айжан Сқақова климаттың өзгеруіне байланысты сөз қозғап, Қазақстан әлемдік рейтиң бойынша соңғы орында екенін айтып, сауал жолдады. Депутаттың мәлімдемесі қаншалықты рас? Factcheck.kz тексеріп көрді.

Тайм-код: 1:07:43

Қазақстан халықаралық климат өзгеруінің салдарын азайту индексінде соңғы орынға ие болды. Рейтиңге сәйкес, Қазақстан тек 19,81 балл (өткен жылғы индекске қарағанда 9 саты төмендеген) жинады және соңғы 64-орында.

Айжан Сқақова, депутат

Үкім: Шындық

Климат өзгеруінің тиімділік индексі (Climate Change Performance Index) New Climate Institute және CAN (Climate Action Network) бірігіп жасаған жыл сайынғы рейтиңіне сәйкес, Қазақстан расымен де 64-орынға жайғасқан: 4 категория бойынша 19,23 бал жинап, былтырмен салыстырғанда 9 саты төмендеген.

Климаттың өзгеруімен күресте толыққанды бірде бір мемлекет жоғарғы нәтижеге қол жеткізе алмағандықтан, алғашқы 3 орын бос тұр. Кейінгі орындарда Дания, Швеция және Норвегия жайғасқан. Төмендегі жарияланымнан толыққанды біле аласыздар.

CCPI-2022-Results-2021-12-02-A4

Germanwatch-тың әзірлеуімен CCPI (Climate Change Performance Index) 2005 жылдан бастап әлем елдеріндегі климатты қорғау тиімділігіне талдау жасайды. Қазіргі таңда әлемдегі парник газ шығындыларының 92%-ін өндіретін 64 мемлекет арасында рейтиң жүргізуде. Негізгі стандартты 4 критерий бойынша жыл сайын бағалап отырады:

  • Парник газ шығындылары (жалпы бағалаудың 40%);
  • Энергияны пайдалану (20%);
  • Климат саясаты (20%);
  • Жаңартылатын энергия көздері (20%).

31 қазан мен 13 қараша аралығында Шотландияның Глазго қаласында климаттың өзгеруіне қарсы 26-саммит өтті. Саммитте әлемнің 200 елінен 25 мыңға жуық делегат қатысты. Сонымен қатар, климаттың өзгеруіне қарсы “климаттық пакт” қабылданды. Пакт бойынша, көмірден кезең-кезеңімен бас тарту, климаттың өзгеруіне қарсы анализді тұрақты түрде талдау, кедей және дамушы мемлекеттерге қаржылық көмек көрсетуді қолға алу көзделіп отыр.

Контекст

  • Климаттың өзгеруі қай кезеңде болмасын маңызды мәселелердің бірі. БҰҰ мәліметіне сәйкес, соңғы онжылдық (2011-2020) ең жылы кезең болды, салдарынан Жер қазіргі уақытта 1,1 градусқа жылыды.
  • Global Climate Change-дің мәліметіне сәйкес, 1993-2020 жыл аралығында мұздықтардың еру салдарынан мұхит 10 см-ге көтерілген.
  • 2015 жылы БҰҰ осы мәселені қолға алып, “Париж келісімін” жасаған болатын. Келісімге сәйкес, климаттың өзгеруін және оның салдарымен бірге күресу үшін әлем елдерін бірігуге шақырды. 197 мемлекет осы келісімді қабылдады.
  • Қазақстан 2016 жылы 4 қарашада “Париж келісімін” ратификациялады.
  • 2019 жылы БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гуттериш “климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі Саммит” ұйымдастырып, кейінгі онжылдықта (2020-2030) парник газ шығындыларын 45%-ке азайтуға қатысты бірқатар шешім шығарды.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz