Қазақстан қант импортына қаншалықты тәуелді?

22 маусымда өткен мәжілістің жалпы отырысында депутат Фахриддин Қаратаев Қазақстандағы қант тапшылығы туралы сөз қозғады. Депутаттың айтуынша, қанттың тек 10%-і ғана отандық шикізаттан өндіріледі, қалғаны импортқа тәуелді. Осы орайда депутаттың айтқандарын Factcheck.kz сайты тексеріп көрді.

Тайм-код: 1:36:48

… Сондықтан республиканың қантқа жылдық қажеттілігі орта есеппен 550-600 мың тоннаны құрайды.

Фахриддин Қаратаев, депутат

Үкім: Шындыққа жақын

Республика бойынша қантқа жылдық қажеттілік мөлшері туралы ақпарат ашық дереккөздерінен табылмаған соң ҚР АШМ-ға және Сауда және интеграция министрлігіне ресми сауал жолдадық. Бізге берген мәліметке сәйкес, жылдық қажеттілік 550 мың тоннаны құрап отыр. Ал жалпы тұтыну көлемі бойынша кейінгі 2 жылда 500 мың тоннаның үстіне шыққан.

Арнайы-жауап

Қанттың тек 10 пайызы ғана отандық шикізаттан өндірілетінін, қалғаны импортқа тәуелді екенін және кәсіпкерлер қантты дер кезінде Қазақстанға жеткізілуі міндеттелгенін ескере отырып, мәселені шұғыл шешуді талап етеді.

Фахриддин Қаратаев, депутат

Үкім: Шындыққа жақын

ҚР АШМ-ның мәліметіне сәйкес, Отандық шикізаттан өндірілетін қанттың үлесі 10%-ке де жетпейді. 2021 жылы отандық шикізатты және құрақ қанты шикізатын қайта өңдеу есебінен ішкі нарықтың қамтамасыз етілуі 42%-ті құрады. Оның ішінде қант қызылшасының үлесі 7%, құрақ қанттың үлесі 35% болды. Мәселен, 2021 жылы жалпы тұтынған 533 тонна қанттың, 308,5 тоннасы шетелден дайын қант түрінде әкелінсе, қалған 224,5 тоннасы шетелден әкелінген құрақ қант пен отандық қант қызылшасының үлесіне тиесілі. Ол 224 500 тоннаның 35%-ы, яғни 186 639 мың тоннасы құрақ қанттан алынса, тек 37 861 тоннасы немесе 7,1%-і отандық шикізатқа тиесілі.

Жауап-Фактчек

Жыл басынан бері қант қанша есеге өсті?

  • ҚР Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, қант бағасы жыл басынан бері 51%-ке өскен.
  • Ең көп өсім наурыз айында болған, ақпанмен салыстырғанда 33,2%-ке артқан.
  • Осыған орай Ауыл шаруашылық министрлігі 13 мамырда қант экспортына тыйым салды.
  • Ал Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, жалпы 60 мың тоннадан астам қант қоры бар және бұл халықтың қажеттілігін өтеуге жеткілікті екені айтылған.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz