Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы өскені рас па?

14 қыркүйекте өткен Мәжілістің пленарлы отырысында депутат Ерлан Баттақов Қазақстан мен Иран арасындағы уақытша келісім басталғалы бері тауар айналым 16,6%-ке өскенін атап өтті. Осы орайда Factcheck.kz сайты екі ел арасындағы тауар айналымды қарап көрді.

Уақытша келісімның қолданысы басталғалы бері Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналым 16,6%-ға не 377,4 млн доллардан 440,1 ақш долларына дейін өсті.

Ерлан Баттақов, депутат

Үкім: Манипуляция

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, депутат келтірген деректер 2019 және 2021 жылдардың статистикасымен сәйкес. Қазақстан мен Иран арасындағы уақытша келісім тек 2019 жылдың 27 қазанында күшіне енгенін ескерсек, депутат мырза манипуляция жасап отыр. Оның үстіне кейінгі 10 жылдың статистикасын қарасақ уақытша келісімсіз-ақ екі ел арасындағы тауар айналым әжептеуір болған.

Уақытша келісім туралы

  • 2018 жылы 17 мамырда Астанада ЕАЭО мүше елдер елдер мен Иран арасында еркін сауда аймағын құры туралы уақытша келісімге қол қойылған болатын;
  • Келісім 2019 жылдың 27 қазанына бастап қолданысқа енді;      
  • Уақытша келісім 3 жылға жоспарланған, яғни биылғы жылдың 27 қазанында аяқталады;
  • Уақытша келісім арқылы ЕАЭО елдері 502 тауарға, Иран 360 тауарға импорттық баж салығын төмендетті. Тауарлар тізімін мына жерден көре аласыздар.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz