Қазақстан азық-түлік өнімдері бағасының өсуі бойынша ТМД елдерін басып озғаны рас па?

4 желтоқсанда өткен ҚР мәжілісінің пленарлық отырысында депутат Айқын Қоңыров премьер-министр Асқар Маминнің атына сауал жолдап (сауал азық-түлік қауіпсіздігі мен инфляцияны төмендетуге арналған іс-әрекет жоспарын дайындауға қатысты болды), былай деп мәлімдеді:

ТМД Статистика комитетінің мәліметтері бойынша өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда Қазақстан азық-түлік тауарлары бағасының өсуі бойынша Тәжікістан, Молдова және Өзбекстаннан басқа ТМД елдерін басып озды.

А.Қоңыров

Үкім: Шындық

Расымен, жоғарыда айтылған дереккөздің статистикалық мәліметтеріне сенсек, бағаның өсуі бойынша Қазақстан тек Тәжікістан, Молдова және Өзбекстаннан ғана кейін тұр.

Атап өтейік, жоғарыда айтылған деректе 2019 жылдың қыркүйегі мен 2018 жылдың желтоқсан айлары салыстырыған.

Айгерим Мекишева
Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)