Kaspi.kz “Цифрлық құжат” қызметін іске қосты

Kaspi.kz ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және “Ұлттық ақпараттық технологиялар” акционерлік қоғамымен бірлесіп, “Цифрлық құжаттар”сервисін іске қосты.

Енді қазақстандықтар жеке куәлігін, вакцина паспортын, жүргізуші және неке куәлігін, туу туралы куәлік және басқа да цифрлық құжаттарды қосымша арқылы ала алады.

«Цифрлық құжаттар» азаматтар арасында үлкен сұранысқа ие және құжаттардың түпнұсқасын өзіңізбен бірге алып жүрудің қажеті жоқ – барлығы смартфонда, қазірдің өзінде оларды 10 миллионға жуық адам тұрақты түрде пайдаланады. Бұл сервисті одан әрі ыңғайлы ету үшін біз қызметті қазақстандықтар арасында танымал үшінші тарап платформаларына енгізіп жатырмыз, бірақ бұл функция азаматтың келісімімен ғана қолжетімді болады»,- деді ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Бұған қоса құжаттар Kaspi.kz бағдарламасында сенімді қорғалған. Пайдаланушылар құжаттарды алу үшін бір реттік пароль жазып келісім беру керек.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz