Kaspi Bank алаяқтар туралы ескерту жасады

Kaspi Bank банк «Бірнеше сұраққа жауап берсеңіз, 100 000 теңге сіздікі!» атты байқауға қатыспауға шақырды. Себебі алаяқтар банк атын жамылып жалған конкурс ұйымдастырған.

Банк хабарлауынша, алаяқтар мұны жеке ақпараттарды алу үшін жасаған. Оның арасында электронды пошта, аты-жөні, карта нөмірі, қолдану мерзімі және CVC код бар.

Егер мұндай сауалнаманы көрсеңіз не істеу керек: ⠀
• Қатыспаңыз;⁣
• Күмәнді сілтемеге өтпеңіз;⁣
• Картаңыздың деректерін: нөмірін, иесінің атын, қолдану мерзімін және CVC кодты көрсетпеңіз;⁣
• Сауалнамада көрсетілген ұйымның ресми парақша/сайтынан нөмірін алып, хабарласыңыз. ⁣

Kaspi Bank алаяқтар туралы ескерту жасады

Kaspi Bank хабарлауынша, банк ұтыс ойынын, конкурс немесе сауалнама өткізбейді. Ал акция туралы Kaspi.kz-тің ресми аккаунтында ғана хабарланады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz