Карантин уақытында толық декреттік төлемді қалай алуға болады: қаржыгер көзқарасы

2020 жылдың наурыз-тамыз айларында жұмыс беруші салық пен аударымдардан уақытша босатылғандықтан, оларды төлемесе  және кірістің орнына 42 500 теңге/21 250 теңге әлеуметтік төлем алған болса толық мөлшердегі декреттік ақшаны қалай алуға болады? Бұл сұрақ қазақстандық көптеген әйелдің көкейінде тұрғаны анық, себебі декреттік қаражат көлемі нормадан төмен шығады. Осы жағдайды қазақстандық әйелдер үшін қаржыгер Дана Жарылғапова арнайы сараптап көрді (оған қоса толық соманы алу үшін не істеу керегін айтып берді).

Мәселенің төркіні

Карантин және ТЖ кезінде бірден мемлекеттік қолдау шаралары бекітілді, және ол жағдайға қарай толықтырылып отырды. Бірақ бұл жағдайда кем тұстарын бірден түзетіп, толық ұйымдастыру мүмкін емес. Себебі орындаушыларда сол сәтте толық ақпарат болмайды.

Мәселен, қазір жұмыс берушісі 3-6 айға еңбекақы қорынан салық пен аударымдардан босатылған, жүктілік пен босанудан кейінгі әлеуметтік жәрдемақыға құжат тапсырып жүрген немесе 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемге құжат тапсырған ата-аналарда да дәл солай. Мемлекеттік сақтандыру қорынан берілетін төлем сомасы әлеуметтік аударымдар төленген кіріс мөлшеріне байланысты. Егер әлеуметтік аударым жасалмаса сақтандырылған кірістің бар екенін дәлелдеу керек. Қалай дәлелдеу керек екені бірден реттелмегендіктен, ХҚКО қызметкерлері декретке шығушылардан құжат қабылдау кезінде әлеуметтік төлем сомасын есептегенде осы айлардағы кіріс те есептелу үшін қандай құжаттарды тапсыру керек екенін айтпаған, сол себепті бірқатар мәселе туындады.

Орташа айлық табысты есептеу формуласы бойынша сол кезең аралығында үзіліс болса да, 12 айдыкін анықтау үшін жалпы кіріс үнемі 12-ге бөлінеді, ал 24 айдың орташа жалақысын білу үшін жалпы табысты 24-ке бөледі. Сол себепті декреттік төлемдер заңды мөлшерінен 25-50% төмендеген жағдайлар кездесті. Декреттік төлемді толық алу үшін кейбір жұмыс берушілер қызметкерлерінің салығын, аударымдары мен әлеуметтік төлемдерін төлеп береді, бірақ бұл жұмыс берушілерге артық салмақ болып кетеді, мемлекет оларды мұндай төлемдерден босатқан. Немесе кейбір декретке шығатын әйелдер салық пен аударымдарды жұмыс берушінің атынан, бірақ қызметкердің жеке қаражатынан аударып отырғанына келіседі. Бұл – заңсыз әрекет. Бірақ кейбір бухгалтерлік есеп және аудит кеңесшілері осыны ұсынады. Және көп жағдайда жалақыдан алынатын салық пен аударым көлемі бірнеше айда 2020 жылдың наурыз-қыркүйек айларындағы заңды айырмашылыққа тең болады. Соңында декретке шығушы декреттік төлемдерін толық алмайды, немесе жұмыс беруші артық төлейді.

Сол себепті жалғыз дұрыс жол – заңды тәсіл. Яғни, жұмыс беруші 1 сәуір мен 1 қазан аралығында салық пен аударым жасамайды, ал мемлекет кірістің бар екенін және салық төлемеуге құқылы екенін дәлелдейтін құжат негізінде толық көлемдегі декреттік соманы төлейді. Осындай нормативті құжаттар бар! Алгоритмнен бастайық. 

Толық декреттік соманы қалай алуға болады?

Егер 2020 жылдың наурыз-тамыз айларында табыс болып, бірақ салық пен аударымдар жасалмаса декреттік соманы толық алу үшін не істеу керек:

  1. Сіздің жұмыс берушіңіз/өзіңіз қызмет түріне байланысты табыстан салық пен аударымдар жасауға 0 түзету коэффициентін пайдалана алатындар қатарына жатасыз ба, тексеру керек. Бұл өте маңызды, себебі егер салық пен аударымдар басқа себеппен (ақша жетіспеу, шоттың бұғатталуы және т.б.) төленбеген болса, ол 2020 жылдың наурыз-тамыз айларында кіріс болған деп есептеуге негіз бола алмайды. Қызмет түрлерін ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №224 қаулысындағы  1 және 2-қосымшадан қарау;
  2. Жұмыс берушіден қызмет түріне байланысты салық пен аударымдарға 0 түзету коэффициентін қолдану құқығы туралы құжат алыңыз. ЭҚЖЖ (Қызмет түрінің коды) көрсетілген және ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №224 қаулысына сілтеме жасалған, фирмалық бланкідегі (егер бар болса) анықтама немесе мөрмен және қол қойылған хат керек. Белгілі бір үлгі жоқ, бірақ мазмұны маңызды, оны қалауыңыз бойынша толықтыруға болады.
  3. Егер жұмыс беруші мұндай құжаттың не үшін керек екенін сұраса, онда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры аударым жасалмаса, кірістің бар екенін анықтай алмайтынын, сол себепті декреттік төлемдер заңда белгіленген сомадан аз шығатынын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрықтарына сілтеме жасай отырып түсіндіріңіз (ары қарай көріңіз).
  4. 0 түзету коэффициенті туралы құжаттың бірден 3-4 данасын алыңыз, ол бала туғаннан кейін 1 жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты ай сайынғы төлемге тапсырған кезде керек болады, жүктілік және босану бойынша қосымша еңбекке жарамсыздық парағына қажет болуы мүмкін (7-тармақты қараңыз).
  5. Жұмыс берушіден жүктілік пен босануға байланысты еңбекке жарамсыз болғанға дейінгі 12 айдағы табысыңыз туралы 15-қосымша үлгісіндегі анықтама алыңыз (ары қарай үлгі).
  6. Егер жұмыс беруші мұндай құжаттың не үшін керек екенін сұраса, онда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры аударым жасалмаса, кірістің бар екенін анықтай алмайтынын, сол себепті декреттік төлемдер заңда белгіленген сомадан аз шығатынын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрықтарына сілтеме жасай отырып түсіндіріңіз (ары қарай көріңіз).
  7. 15-қосымша бойынша анықтаманы 2-3 данадан алыңыз. Бала дүниеге келгеннен кейін кейде 14 күнге қосымша еңбекке жарамсыздық демалысы беріледі, оны жұмыс орны растап, орташа айлық табыстың 0,5 коэффициенті көлемінде қосымша ақы төленеді (көпұрықтық жүктілік және қиын босану, оның ішінде кесар тілігі жасалған жағдайда). Егер жұмыс берушілер қосымша еңбекке жарамсыздық қағазымен таныс болса – 12 айға анықтама беруді мәселен, кадр бөлімінің немесе бухгалтерияның жаңа қызметкеріне 2 айдан кейін түсіндіру бос әурешілік.
  8. Жұмыс берушіге босанған соң бала дүниеге келгенге дейінгі 24 айдағы табысыңыз туралы анықтама алуға келетініңізді ескертіңіз. Анықтама 14-қосымша үлгісінде болады (шаблон – төменде).
  9. ХҚКО-на стандартты құжаттар мен жоғарыда көрсетілген екі құжатты бірге тапсырып, құжатты қабылдау кезінде 12 айдағы табысыңыз туралы анықтама мен 0 түзету коэффициенті туралы құжатты тапсырды деп көрсетілгенін қадағалаңыз.
  10. Құжат тапсыру кезінде қабылдаған қызметшінің осы артықшылықтарды түсінетін-түсінбейтінін біліп алу керек. Ол тапсыру кезінде бұл құжаттарды артық деп алып тастап жүрмесін. Егер білмейтін болса, бөлім/бөлімше басшысына барып, құжаттарыңыздың Халыққа қызмет көрсету орталығынан Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа жіберілетініне көз жеткізіңіз.
  11. Босанғаннан кейін жұмыс берушіден 14-қосымша үлгісі бойынша бала дүниеге келгенге дейінгі 24 айдағы табысыңыз туралы анықтама алыңыз (үлгі мақаланың соңында).
  12. Егер жұмыс беруші мұндай құжаттың не үшін керек екенін сұраса, онда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры аударым жасалмаса, кірістің бар екенін анықтай алмайтынын, сол себепті декреттік төлемдер заңда белгіленген сомадан аз шығатынын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрықтарына сілтеме жасай отырып түсіндіріңіз (ары қарай көріңіз).
  13. Егер жүктілік пен босануға байланысты төлемді алған кезде наурыз бен тамыз айлары есептелмегенін білсеңіз, 0 түзету коэффициенті мен табыс туралы құжатты алып, себебін анықтап, төлемге қол жеткізіңіз.
  14. Босанғаннан кейін ХҚКО-на стандартты құжаттар мен жоғарыда көрсетілген екі құжатты бірге тапсырып, құжатты қабылдау кезінде 12 айдағы табысыңыз туралы анықтама мен 0 коэффициенті туралы құжатты тапсырды деп көрсетілгенін қадағалаңыз. (Құжат тапсыру кезінде қабылдаған қызметшінің осы артықшылықтарды түсінетін-түсінбейтінін біліп алу керек. Ол тапсыру кезінде бұл құжаттарды артық деп алып тастап жүрмесін. Егер білмейтін болса, бөлім/бөлімше басшысына барып, құжаттарыңыздың Халыққа қызмет көрсету орталығынан Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа жіберілетініне көз жеткізіңіз).
  15. Егер баланың бір жасқа дейінгі күтіміне байланысты ай сайынғы төлемді алған кезде наурыз бен тамыз айлары есептелмегенін білсеңіз, 0 коэффициенті мен табыс туралы құжатты алып, себебін анықтап, төлемге қол жеткізіңіз.

Толық декреттік соманы алу үшін заңды негіздеме

2020 жылғы 25 наурызда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі №109 бұйрық шығарды, онда сақтандырылған табыстың (жалақы, Азаматтық құқықтық шарт бойынша табыс) орнына 42500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем алынған жағдайда өтініш берушінің қалауы бойынша осы айларды алдыңғы немесе келесі айлармен ауыстыруға болатындығы көрсетілген:

24-1 тармақпен толықтырылды:

Өтініш беруші Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 110 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20174 болып тіркелген) бекітілген Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларында көзделген әлеуметтік төлем (бұдан әрі – төтенше жағдай кезеңіндегі әлеуметтік төлем) алған жағдайда, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін немесе Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерді тағайындау (қайта есептеу) үшін кірісті есептеген кезде өтініш берушінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасында төтенше жағдай болған айлар есептен алып тасталады және көрсетілген кезең алдындағы немесе одан кейінгі міндеттемелері бойынша төлеу (аудару) мерзімі 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейінгі кезеңде басталатын жеке практикамен айналысатын тұлғалар басқа тікелей айлармен алмастырылады.

2020 жылғы 20 сәуірде ҚР Үкіметі  міндеттемелері бойынша төлеу (аудару) мерзімі 2020 жылғы 1 сәуірден 1 қазанға дейінгі кезеңде, бірақ ірі бизнес субъектілері үшін 2020 жылғы 1 шілдеге дейін басталатын кейбір жұмыс берушілер (және жеке практикамен айналысатын адамдар) үшін еңбекақы төлеу қорынан салықтарға, аударымдар мен әлеуметтік төлемдерге «0» түзету коэффициентін белгілеу туралы №224 қаулы қабылдады.

Қызмет түрлері Қаулының №1 және №2-қосымшаларда көрсетілген, мысалы: сауда нысандарындағы автомобильдер мен автомобиль бөлшектерін бөлшек саудада сату, мейрамханалар мен тамақ жеткізу қызметтері, коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға алу және басқару, қонақ үйлер мен осыған ұқсас тұру орындарының қызметтері, жеке мектептер (халықаралық мектептерді қоспағанда), фитнес-клубтар, туристік агенттіктер, кинотеатрлар, әуежайлар және әуе көлігі және т. б. Яғни, наурыз айынан бастап жұмыс беруші/жеке практикадағы адам 6 ай нөлдік коэффициентті қолдануға құқылы (ірі бизнес 3 ай).

2020 жылғы 22 мамырда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі №189 бұйрықты бекітті, онда салықтар мен аударымдардан уақытша босатылған азаматтың табысы болған жағдайда еңбек өтілі мен табысы жұмыс берушінің анықтамалары негізінде есепке алынады. Мұндай жағдайларға арналған анықтама үлгісі нақты көрсетілмеген.

…24-5 тармақпен толықтырылды:

24-5. «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысына сәйкес «0» коэффициенті қолданылатын қызмет түрлерінің тізбесінде көзделген адамдардың зейнетақы жүйесіне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі, сондай-ақ кірісі жұмыс берушінің анықтамалары негізінде ескеріледі.

2020 жылғы 8 маусымда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» №217 бұйрығын бекітті.

Бұл бұйрықта әлеуметтік төлемдердің барлық түрлеріне қатысты ережелер толық жазылған, әртүрлі өтініштер, анықтамалар және т. б. қосымшалар бар. Декретке шығатындар үшін маңыздылары:

  • 15-қосымша – Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және орташа айлық табысы туралы анықтама жүктілігі және босануы бойынша жұмысқа жарамсыздық күнінен 12 ай бұрын толтырылады.
  • 14-қосымша – Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық табысы туралы анықтама баланың туған күніне дейін 24 ай бұрын толтырылады.

Декреттік қаржыны тиімді алудың кілті

2020 жылдың шілдесінде алматылық Томирис Тлеубаева жүктілік пен босануға байланысты төлем алу үшін стандартты құжаттар пакетін тапсырды, оның жұмыс берушісі еңбекақы төлеу қорынан салық пен аударымдарға 0 түзету коэффициентін қолданады. Төлемді алған кезде аударым болмағандықтан 2020 жылдың наурыз, сәуір және мамыр айлары есепке алынбаған, сол себепті декреттік сома тиісті мөлшерден аз түскені белгілі болды. Томирис өзінің блогында оның жарияланған сұрақтарына Нұр-Сұлтан қаласының Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық қызметкері жауап бергенін айтып берді. Ол Еңбек министрінің 2020 жылғы 08 маусымдағы 15-қосымшасы бойынша кіріс туралы анықтама үлгісіне қатысты №217 бұйрығына сай әрекет еткен. Декретке шығушы жұмыс берушінің салық, аударымдар және әлеуметтік төлемдерге 0 түзету коэффициентін қолдану құқығы туралы мәртебесін растап, 15-қосымшаға сәйкес толтырылған табыс туралы анықтаманы ұсынып, тиісті соманы қосымша алу үшін өтініш беріп, қосымша төлемді алды. Пікірлердің арасында Нұр-Сұлтандағы ХҚКО да осындай мәселеге тап болғанын жазған.

2020 жылдың тамыз айында Алматы облысы Іле ауданы ГРЭС ХҚКО-да тағы бір декретке шығушыда осындай мәселе туындаған. Ол құжат пен нақты жалақысы көрсетілген анықтама және нөлдік салық пен аударымдар (2020 жылдың наурыз-маусым айлары) туралы құжатты тапсырған кезде ХҚКО қызметкерлері аударымдар болмаса бұл айлар нөлдік деп есептелетінін мәлімдеген. Алайда, декретке шығушы 0 коэффициентсіз болатын аударымдар мен салықтардың сомасын көрсетіп, 15-қосымшаға сәйкес табыс туралы анықтама, Еңбек министрлігінің жоғарыда көрсетілген бұйрықтарына сілтеме жасап, жұмыс берушінің «0 коэффициентін» қолданғаны туралы анықтама ұсынғаннан кейін құжаттар қабылданған.

Құжатты тапсыру кезінде ескеретін жайт – 2020 жылдың наурыз-тамыз айларындағы салық, аударымдар мен әлеуметтік төлемдер нөлмен емес, қалыпты жағдайда сол айларда қаншалықты аударылатын және төленетін еді – сол сомада есептеледі.

Өкінішке қарай, тәжірибеден көріп отырғанымыздай, еліміздің кей ХҚКО қызметкерлері 0 коэффициенті кезінде және 42 500 төлем алған жағдайда қандай құжаттарды тапсыру керек екені туралы толық және сенімді ақпаратты білмейді.

Осылайша, жүктілік пен босану және баланың 1 жасқа толғанша күтіміне байланысты заңды төлемді толық сомада алу үшін қажет негізгі құжаттар тізімі мынадай:

  1. Жұмыс беруші Үкіметтің 20 жылғы 2020 сәуірдегі №224 қаулысына сәйкес салықтарға және кірістен аударымдарға 0 түзету коэффициентін қолдануға құқылы екендігі туралы құжат.
  2. Кейінгі 12 айдағы табыс туралы анықтама (15-қосымша), онда 2020 жылдың наурыз-тамыз айларындағы салық, аударымдар мен әлеуметтік төлемдер нөлмен емес, қалыпты жағдайда сол айларда қаншалықты аударылатын және төленетін еді – сол сомада есептеледі. Бұл құжат жүктілік пен босану бойынша жұмысқа жарамсыздық төлемін алу үшін қажет. (фото)
  3. Кейінгі 24 айдағы табыс туралы анықтама (15-қосымша), онда 2020 жылдың наурыз-тамыз айларындағы салық, аударымдар мен әлеуметтік төлемдер нөлмен емес, қалыпты жағдайда сол айларда қаншалықты аударылатын және төленетін еді – сол сомада есептеледі. Бұл босанғаннан кейін бала 1 жасқа толғанша ай сайын төлем алып тұру үшін қажет. (фото)

Жоғарыда айтылған құжаттарды бірден, негізгі құжаттар пакетін тапсырып жатқанда қоса өткізу керек.

Егер құжат тапсырып қойып, төлем тағайындалып қойса, бірақ тиісті сомадан аз болса, қосымша арыз жазып, 0 түзету коэффициенті туралы құжат пен 15 немесе 14-қосымша бойынша табыс туралы анықтама өткізу керек.

Егер декретке шығушы кейбір айларда табыстың орнына 42 500 теңге, 21 250 теңге әлеуметтік төлем алған болса, жұмыс беруші 0 түзету коэффициентін қолданатындығына қарамастан, өтініш берушінің қалауы бойынша бұл айлар есептеуден шығарылады және көрсетілген кезеңнің алдындағы немесе одан кейінгі басқа айлармен ауыстырылады.

Мұндай сұрақтар 2021 жылы да, 2022 жылы да маңызды болып қалмақ. Себебі жүктілік пен босануға байланысты төлем жасау үшін декретке кетпей тұрғандағы 12 ай есепке алынса, бала күтіміне байланысты ай сайынғы төлем үшін бала дүниеге келгенге дейінгі 24 ай есептеледі.

Фактчекер, главный редактор русскоязычной версии Factcheck.kz

Factcheck.kz