«Капитан Америка» ең обьективті ақпараттық сайт құрады

Marvel киноәлемінен «Капитан Америка» қаһарманы ретінде танымал актер Крис Эванс әлемде болып жатқан маңызды оқиғалардың шынайы бейнесін көрсететін  БАҚ құрмақшы. Эванс АҚШ конгресі мүшелеріне, демократтарға және республикашыларға арналған видео-үндеуінде болашақ сайтына сұхбат беруге шақырды. Ақпараттық ресурс «біржақтылықты азайтуға» бағытталады деп хабарлады CNN.

ASP invite from Chris Evans  from Like Minded Entertainment on Vimeo.

Актердің айтуынша The Starting Point сайтын құру идеясы ақпараттың бастапқы дереккөзін өзі іздегенінде келді. «Неліктен екі тараптың да пікірімен қысқаша таныса алатын сайт жоқ деп ойландым» дейді Эванс.

Актер видеода «бұл әмбебап сайтта адамдар өздері жақсы білетін немесе білгісі келетін тақырыптарды талқылайтын болады» дейді. Сондай-ақ ондаған мәселелерді қамтитын сұрақтар тізімін жіберетінін айтты. Оқырмандар жауап алғысы келетін сұрақты өздері таңдайды.  

Эванс видео-үндеуінде сайт оның саяси көзқарасын білдірмейтінін ескертті. Актердің менеджері жобаның қашан басталатынын нақты айтпады.

 

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz