Қаңтар қырғынын “лаңкестер ұйымдастырғанына” тек 12% қазақстандық сенеді

Қазақстанда қаңтар қырғынын “лаңкестер ұйымдастырғанына” тек 12% қазақстандық сенеді. Бұл туралы DEMOSCOPE қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы хабарлады.

DEMOSCOPE Қазақстан азаматтары арасында “Қазақстандықтардың қаңтар оқиғасы туралы ойлары” тақырыбында сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижесі бойынша, азаматтардың 48%-і бейбіт шеруден басталған наразылық шарасын арандатушылар мен мародерлер пайдаланып кеткеніне сенімді.

Қаңтар қырғынын "лаңкестер ұйымдастырғанына" тек 12% қазақстандық сенеді

Дегенмен де сауалнама қатысушыларының 20%-і қаңтар оқиғасына мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған ішкі саяси күштердің әрекеті деген баға берді. Президент айтқан «шетелдің террористері қатысқан жоспарланған шабуыл» деген нұсқаны қолдағандар – 12%. 11% cауалнама қатысушысы наразылық акциясынан басталды, елімізде наразылық акциясын өткізу мәдениеті болмағандықтан, соңы тәртіпсіздікке ұласып кетті деп санайды. Небәрі 5% респондент өзге мемлекеттердің арандатуынан болды дегенге сенеді.

Қаңтар қырғынын "лаңкестер ұйымдастырғанына" тек 12% қазақстандық сенеді


DEMOSCOPE ҰҚШҰ (ОДКБ) әскерінің (Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы) Қазақстанға кіруі туралы халықтың не ойлайтынын салыстырды. Сауалнамаға сәйкес, респонденттердің 68%-і бұл шешімді дұрыс деп санайды. 17% қазақстандық бастаманы қолдамайды және 17% қатысушы бейтарап пікірде екенін айтты.

Қаңтар қырғынын "лаңкестер ұйымдастырғанына" тек 12% қазақстандық сенеді


DEMOSCOPE зерттеуінің кейбір түйіні Ресейдегі «Левада-Центр» өткізген зерттеу қорытындысымен тұспа-тұс келеді. Мәселен, сараптама орталығының деректеріне сүйенсек, жалпы 64% ресейлік азамат ЕҚШҰ-ның Қазақстандағы бітімгершілік операциясына Ресей әскерінің қатысуын дұрыс деп бағалаған.

Қаңтар қырғынын "лаңкестер ұйымдастырғанына" тек 12% қазақстандық сенеді

Сауалнама барысында респонденттерге «Құқыққорғаушы органдардың қаңтар қырғыны кезіндегі жұмысын қалай бағалайсыз?» деген сұрақ қойылды. Жалпы 41% азамат тәртіп сақшыларының жұмысын «жақсы» деп бағаласа, үштен бірі (32%) бейтарап, ал 26% респондент теріс баға берді.

Қаңтар қырғынын "лаңкестер ұйымдастырғанына" тек 12% қазақстандық сенеді

Жағымсыз оқиғаның негізгі индикторларының бірі – халықтың эмиграциялық күйі. DEMOSCOPE-тың тұжырымдауы бойынша, қаңтар қырғыны кейбір қазақстандықтың эмиграциялық күйіне әсер еткен. Жалпы 9% азамат қаңтар оқиғасынан соң елден кетуге қамданып жүрсе, олардың 1%-і жақын арада елден кетпекші және 8%-і көшу туралы енді ойлана бастаған. Ал, 88% қазақстандық Қазақстаннан ешқайда көшпейміз дейді.

Қаңтар қырғынын "лаңкестер ұйымдастырғанына" тек 12% қазақстандық сенеді

Қоғамдағы көңіл-күйдің тағы да бір маңызды көрсеткіші – азаматтардың экономикалық әл-ауқатының нашарлауы. Сауалнама деректеріне сәйкес, қаңтар оқиғасынан кейін 18% азаматтың материалдық жағдайы төмендеген. 75% респонденттің жағдайы сол қалпы өзгермеген. 7% қатысушы табысым артты деп жауап берді.

DEMOSCOPE сауалнама барысында қатысушылардан қаңтар оқиғасы қайталанбауы үшін мемлекет не істеу керектігі туралы ойын сұрады. Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың жартысынан көбі ең маңызды жолы «көмекке мұқтаж адамдарды әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету» (56%) және «түбегейлі саяси реформа жасау қажет» (51%) деп жауап берді.

Қаңтар қырғынын "лаңкестер ұйымдастырғанына" тек 12% қазақстандық сенеді


DEMOSCOPE бюросы жүргізген сауалнама қорытындысына сүйенсек, қаңтар қырғыны халықтың жай-күйіне теріс әсер еткен. Оқиғадан соң, азаматтардың бестен бірінің жағдайы нашарлаған, халықтың оннан бірі елден кетуді ойластырып жүр. Украинада болып жатқан жағдайды, Ресейге салынған санкцияларды ескерсек, сауалнама қатысушыларының халықтың көмекке мұқтаж тобына әлеуметтік-экономикалық көмекті күшейту және елімізге түбегейлі саяси реформа қажет дегені ойлары бекер емес.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz