Қаңтар құрбандарын еске алу митиңін ұйымдастырған Болат Әбіловке айыппұл салынды

Қаңтар құрбандарын еске алу митиңін ұйымдастырушылардың бірі Болат Әбілов ұсталып, Алматыдағы Бостандық полиция бөліміне жеткізілді. Бұл туралы журналист Вадим Борейко Facebook парақшасында хабарлады.

Борейконың жазуынша, Әбілов журналиске телефон соққан. Оның үйіне Бостандық полиция бөлімінің полицейлері келіп, 13 ақпанда Республика алаңында митиң ұйымдастырғаны үшін ҚР ӘҚБтК-тің 488-бабының 7-бөлігіне сай бөлімшеге алып кеткенін айтқан.

Orda.kz дерегінше, сот Әбіловке рұқсат етілмеген митиң ұйымдастырғаны үшін 50 АЕК (153 150 ₸) көлемінде айыппұл салды. Сот отырысы онлайн өткен.

Сонымен бірге, азаматтық белсенді Марат Тұрымбетов Түрксіб полиция бөліміне жеткізілген. Белсенді Әлнұр Ильяшевтің хабарлауынша, Тұрымбетов 13 ақпанда қаңтар оқиғасына байланысты митиң ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz