Израиль премьері: халықты вакцинациялауға фейк ақпарат кедергі келтіріп жатыр

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаниягу жалған ақпараттардың халықты вакцинациялауға кедергі келтіріп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы вакцинация орталығына барғанда айтқанын MIGnews сайты хабарлады.

Нетаниягудың айтуынша, өткен айда COVID-19-дан қайтыс болған 1536 адамның 97% -дан астамы вакцина енгізбеген.

Израиль премьер-министрінің айтуынша, вакцинацияға кедергі келтіретін себептердің қатарында интернетте кеңінен таралған қастандық теориялары да бар.

Контекст

Facebook желісінің жаңа ережесіне сай коронавирус вакцинасына байланысты жалған ақпараттар өшіріледі. Егер жарияланған материалдар денсаулық сақтау органдарының ресми мәліметтеріне сай жазылмаса, модератор фейкті өшіреді.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz